Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 8 айдың қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 8 айдың қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  8 айдың қортындысы бойынша

 атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

Шу ауданында мемлекеттік жастар саясатын және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын жүзеге асыруда аудан әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Статистикалық мәлімет бойынша, бүгінгі күні ауданда жалпы тұрғындар саны 98 068 болса, оның 23 648-і 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды, немесе 24,1 пайыз. Оның ішінде, ерлер — 12487, әйелдер – 11161, ауыл жастарының саны  — 14496,  қала жастарының саны – 9152.

2015 жылы мектеп бітірген түлектер саны – 1004, оның ішінде 564 жас ҰБТ тапсырған. 2016 жылы мектеп бітірген түлектер саны – 1035. 592 жас ҰБТ тапсырған.

Аудандағы 5 арнаулы орта оқу орнында 1101 студент білім алса, оның 350 грант, 751 ақылы негізде білім алуда. 2015-2016 оқу жылдары аталған оқу орындарын 302 түлек бітірген.

Ауданның экономикалық дамуы мен өркендеуіне үлесі мол ірі кәсіпорындардың бірі теміржол саласы болып табылады. Бұл салада барлығы 640 жас тұрақты жұмыс атқаруда.  Атап айтқанда Шу станциясы 49 жас, ЭЧ-22 – 42 жас, Шу машиналандырылған жол дистанциясы (пчм) – 56 жас, ШЧ-35 – 64 жас, ПМС Бірлік – 23 жас, Локомотив жөндеу зауыты – 47 жас, Локомотив сервис орталығы – 339 жас, Теміржол Су-Шу – 20 жас, ҚазТрансГазАймақ мекемесі – 8 жас.

Мемлекеттік қызметте аудан бойынша барлығы 197 адам қызмет атқарса, оның 36 (Е санаты – 8, ER санаты – 5, EG санаты – 23; жоғарғы білімді – 32, арнаулы орта білімді — 4) жастарды құрайды.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында 143 жас жұмыссыз ретінде тіркелсе оның 102-і тұрақты жұмыспен қамтылған. 5-і қоғамдық жұмыс, 108-і жастар тәжірибесі арқылы жергілікті бюджет есебінен, 14-і облыстық бюджет есебінен, 33-і республикалық бюджет есебінен жолданған.

Ал «Әлеуметтік жұмыс орны» бойынша 78 азамат жолданса, оның 35 жастарды құрайды. Қоғамдық жұмыспен 70 жас қамтылса, 14 жас қайта даярлау курстарына жіберілген.

Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында 4 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ ауылдық округтерде жастар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты  жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудандық қорғаныс істері бөлімінде әскери есепте тұрған жастар саны – 5637-ні құрайды.

2016 жылдың көктемгі әскер қатарына шақыру науқанында әскер қатарына 88 жас жіберілген, 92-і әскери борышын өтеуде. Жастарды әскер қатарына жіберу әліде жалғасуда. Сондай-ақ, 6 жас келісім шарт бойынша әскери қызметте жұмыс істейді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау да назардан тыс қалған емес. Бүгінгі күнде аудандағы бар 197 спорт нысандарына  (3 стадион, 69 спорт алаңдары, 72 алаңдар, 49 спорт залдар) кіру тегін және орта мектептердің спорт залдарына арнайы кесте бекітіліп, жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалған.

Сонымен қатар, аудандағы 3 балалар спорт мектебінде  спорттың 14 түрінен барлығы 1326 оқушы балалар жаттығу жасауда. Сондай-ақ ауданда құрылған 10 спорт федерациялары спортты дамытуға белсене атсалысып келеді.

2015 жылы тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың саны 23543 немесе аудан тұрғындарының 24,1 пайызын  құраса, 2016 жылдың мамыр айында 25359 адамды немесе аудан тұрғындарының 25,7 пайызын  құрап отыр.  2015 жылмен салыстырғанда 1816 спортшыға немесе 1,6 пайызға артқан.

Жастарды ауданның қоғамдық, абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына тарту мақсатында Төле би ауылындағы «Жастар аллеясы» мен Шу қаласының «Жеңіс» саябағында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 80 жас 2 ай көлемінде уақытша жұмысқа тартылды. Аталған бағдарламаға облыстық трансферттен 1 млн. 881 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік сала мамандарын жұмыспен қамтып, ауылға тұрақтандыру мақсатында 2015 жылы 14 маман келіп, оларға жалпы 1 млн 943 мың теңге бөлінді. Аталған жылы 27 маманға тұрғын-үй сатып алу үшін жалпы 80 млн 271 000 теңге бюджеттік несие берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 18 маманға көтерме жәрдемақы берілсе, 8 маманға тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие берілген. Жалпы 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін бағдарлама аясында 331 маман келіп жұмысқа орналасты және 129 маманға бюджеттік несие берілді. 2010 – 2016 жылға дейін бюджеттік несие яғни тұрғын үй сатып алған мамандардың бүгінгі күнге  келісім шартты бұзған мамандары жоқ.

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында аудандық бюджеттен  2015 жылы — 35 млн. 717 мың теңге (оның ішінде іс-шараға – 5 млн теңге)  бөлініп, игерілсе, ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 48 млн. 811 мың теңгені (оның ішінде іс-шараға – 5 млн теңге) құрады.

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерінің саны 37 адамды (оның — 6 тех қызметкерлер) құрайды және «Жастар орталығына»  Шу қаласынан ғимарат берілді.

Мекеме қызметкерлерінің 22 жоғарғы білімді болса, 7-і арнаулы орта оқу орнын бітірген.

Аудан жастарына кеңес беру, патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортқа баулу, діни сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізу бойынша іс-шаралардың саны мен сапасы артты. Ауданда өткізілетін барлық мерекелер мен атаулы күндерге байланысты аудан жастары өздерінің белсенділіктерін танытып, көптеген іс-шаралар өткізуде.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен 1200-ден астам жасқа әр-түрлі бағытта кеңестер берілген.

Жастар  арасында құқық бұзушылық пен заң бұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында бірқатар тиісті іс-шаралар атқарылуда. Соның нәтижесінде, аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметі бойынша 2015 жылы аудан жастары арасында 129 қылмыстық іс-әрекеттер орын алса, 2016 жылдың 5 айы бойынша 71 қылмыс тіркелген.

Сонымен қатар, ауданда діни ахуал мәселесіде бақылауға алынып, жүргізілген мониторинг бойынша тұрақты мешітке келушілердің саны – 500 ден астам адам, жұма намазына барушылар – 1200-ден астам адамды құрайды. Оның 60% егде және орта жастағы азаматтар болса, 40% жастарды құрайды.

2016 жылы аудан бойынша жастар мәселесіне қатысты қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық әр түрлі форматта  барлығы 315  іс-шаралар өткізілді.

2015 жыл (691 іс-шара) 2016 жыл (13.09 – 315 іс-шара)
133- спорттық іс-шаралар;

84-мәдени іс-шара;

29-флешмоб

126- сенбілік жұмыстары

108- дөңгелек үстелдер;

58- акциялар;

47- семинар;

106-әртүрлі тақырыпта Елбасының Жолдауы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы т.с.с. үгіт-насихат жұмыстары.

Барлық шараға қамтылған адам саны –28965

64 – спорттық

39 – мәдени

45– сенбілік

37 – акция

130 – жастардың құқықтық мәдениет арттыру, кеңес беру бағытында өткізілген дөңгелек үстелдер

Барлық шараға қамтылған адам саны –29475

 

Атқарылған іс-шаралар туралы мақалалар «Шу өңірі – Шуская долина» газетінде тұрақты түрде жарияланып тұрады. Бүгінгі күнге дейін жарияланған мақалалар саны 79-ді құрайды .

Мемлекеттік жастар саясатын өңірде тиімді жүзеге асыру, жастармен жұмыс жүргізуде атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және жастардың түрлі қоғамдық бірлестіктерімен байланыс орнату, сонымен қатар «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын тиімді іске асыру әрдайым аудан әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басты назарында болып қала береді.

 

 

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің

«Жастар ресурстық орталығы»

КММ директоры                                                                                     А.Рахымбаева

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75