2016 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің орындалуы туралы мәлімет

2016 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің орындалуы туралы мәлімет

2016 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің орындалуы туралы мәлімет

 Аудандық  бюджет — Кірістер жылдық жоспары 9 млрд 953 млн 931 мың  теңге,                           1 қазанға жоспар  7 млрд 330 млн 129 мың теңге, 1 қазанға  түскені 7 млрд 461 млн 235,2 мың тенге,   101,8 %-ға орындалып, 131 млн 106,2  мың теңге артық  түсті.

Жергілікті  аудан бюджеті  кірістері   бойынша жылдық жоспар 1 млрд 187млн 103 мың  теңге, 1 қазанға  жоспар 887 млн 146 мың теңге, 1 қазанға түскені  1 млрд 18 млн 252 мың тенге, 114,8% -ға орындалып, 131 млн 106 мың  теңге артық түсті.

Шығыстар  бойынша қаржылардың жылдық  жоспары 11млрд 421млн 537 мың теңге  1 қазанға  төлем  бойынша  жоспар 8 млрд 329 млн 35 мың  теңге,  1 қазанға  орындалуы 8 млрд 285 млн 290,3 мың теңге, 99,5% -ға  орындалып,  43 млн 744,7 мың теңге игерілмеді.

  1. ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс шаралар өткізу бойынша ауылдық округтерді абаттандырудан және жол жөндеуден 23 млн 607,6 мың теңге;
  2. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеуден 11 млн 920,5 мың теңге;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2 млн 659 мың теңге;
  4. Аудандық бюджеттік баағдарлама әкімшілері бойынша  атқарылған жұмыс көлемі  болмауынан  және үнемделген қаржы 5467,6 мың  теңге;

 

Аудандық  бюджеттік  бағдарлама әкімшілері  бойынша :

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты  бойынша ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс шаралар өткізу бойынша  елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан  және  абаттандырудан 19 млн 857,6 мың  теңге, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан  және  абаттандырудан 9 млн 928,5 мың  теңге. Бөлінген қаржының игерілмеу себебі лоттар бойынша конкурс қортындылары кеш ашылуынан және жұмыстардың  жаңадан  басталуынан.

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша  ОБ бөлінген қаржыдан Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша мәдени  объектілерді жөндеуден жұмыстар толық аяқталмауынан және атқарылған  жұмыс көлемі  өткізілмеуінен 549,0 мың теңге, РБ тех персоналға жалақы төлеуден 172,0 мың теңге  үнемделген  қаржы.

Ауданның  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша РБ мемлекеттік  қызметкерлерге  төленетін еңбек ақысынан  824,0 мың  теңге үнемделген қаржы, Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз етуден 217,0 мың  теңге, Төлеби ауылына газ құбырын тартуға ЖСҚ-на өзгерту енгізу үшін мемлекеттік сараптама қортындысы дайын болмауынан 207,0 мың  теңге, ОБ Жұмыспен қаму 2020 бағдарламасынан Далақайнар ауылының  жол  жөндеу  жұмыстарынан 1 млн 443 мың  теңге оның ішінде: тех надзор 212,2 мың  теңге, автор надзор 31,4 мың  теңге, қалған 1 млн 199 мың  теңге  үнемделген  қаржы.

Білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер  есебінен  Балуан-Шолак ауылы Габдуллин орта мектебіне  және  Ақсу ауылы Баласағұн орта мектебінен игерілмегені 2 млн 659 мың  теңге оның ішінде : технадзор мен авторский надзордың қызметі  үшін төленетіні 1 млн 86 мың  теңге, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы 1 млн 571 мың теңге, «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуден» 114,0 мың теңге үнемделген қаржы, Бәйшешек бала бақшасы бойынша газдандыру жұмыстары   ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптама қортындысы дайын  болмауынан 542,0 мың теңге.

Ветеринария бөлімі бойынша республикалық бюджеттен 5 штаттық бірлікке агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға берілген  трансферттен 647,0 мың теңге игерілмеді,  себебі 1 штат қысқаруына  байланысты  үнемделген қаржы.

Құрылыс бөлімі бойынша ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс шаралар өткізуден Шу қаласындағы  «Жанкулиев», «Горгаз», «Жайсан», «Жетісу», «Алға» жаңа тұрғын алқаптарына арналған (көшелер және электрмен қамтамасыз ету) инфрақұрылымдық желілері құрылысын салуға бөлінген қаржыдан  ұсталынатын 5 пайызы 3 млн 750 мың  теңге.

 

                                                              Шу ауданы әкімдігінің                                                                                            

                                                              қаржы бөлімінің   басшысы                                                          М.Жүнісәлиев

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75