Талдамалық анықтама

Талдамалық анықтама

 

Талдамалық анықтама

 

          І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

          Шу ауданы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 12360;

Оның ішінде:

— көрсетілетін қызметті берушілер қағаз түрінде 2017 жылдың
І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1570 (12,68%);

— мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде 2017 жылдың І тоқсанында көрсетілгендер саны – 4789 (38,69 %);

— мемлекеттік корпорация арқылы 2017 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3240 (26,18%);

— электрондық түрде 2017 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1861 (15,06 %);

— мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 900 (7.27%);

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет анықталған жоқ.

2017 жылдың І-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

 

ІІ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

  1. 2017 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралардың саны – 88;

Нақты айтқанда,  аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлерімен бірлесе ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру бойынша 88 – іс-шаралар өткізілді, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша  түсіндірме іс-шараларына қатысқан халық саны –2379;

 

ІІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. 2017 жылдың І-тоқсанында Шу ауданы әкімінің аппараты тарапынан бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес – 3 іс-шаралары жүргізілді (жергілікті атқарушы органдарға — 3).

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды:

Аудан әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері орын алған жағдай – 1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері бойынша 12 бұзушылық анықталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 6 ұсыныс әзірленіп, бұзушылықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75