«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №391 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №391 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

                                                                                                              ЖОБА

«Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін денсаулық сақтау,

әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,

мәдениет, спорт және ветеринария

саласындағы мамандар лауазымдарының

тізбесін айқындау туралы» Шу ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 18 қазандағы №391 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №391 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3219 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 қарашасында №102 (9072) «Шу өңірі» газетінде, 2016 жылдың 30 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Аудан әкімі                                                         

 

Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы       наурыздағы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №391 қаулысына толықтырулар енгізу туралы №       қаулысына  келісім парағы

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

Шу аудандық мәслихатының

хатшысы

_______________Е.Өмірәлиев

_______________ 2017 жыл

  

 Шу ауданы әкімдігінің

2017 жылғы    наурыздағы

№     қаулысына қосымша

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

 

  1. Денсаулық сақтау саласында мамандарының лауазымдары:

Барлық мамандықтағы дәрігерлер;

Фармацевт –провизор;

Фельдшер;

Акушер;

Зертханашы;

Медициналық бике;

Диетикалық бике;

Әлеуметтік қызметкер;

Психолог;

Медициналық бикенің көмекшісі.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:

күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.

  1. Білім беру саласында мамандарының лауазымдары:

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;

Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (басшысы, меңгерушісі);

Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;

Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекші);

Жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;

Әлеуметтік педагог;

Педагог-ұйымдастырушы;

Қосымша білім педагогы;

Тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);

Педагог-психолог;

 

Кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);

Аға оқытушы, оқытушы;

Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);

Оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;

Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;

Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;

Оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;

Спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;

Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушісі);

Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары.

Психологиялық — медициналық — педагогикалық консультация меңгерушісі;

 

Білім алушылардың кәсіптік практикасының жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

Оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);

Білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушісі;

Қосымша білім беру ұйымының директоры;

Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында);

Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);

Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендеріндегі) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері;

Аға шебер, өндірістік оқыту шебері;

Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);

 

Оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;

 

Оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;

 

Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;

 

Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;

Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;

Кітапхана меңгерушісі;

Кітапханашы;

Медициналық бике;

Емдәм бике;

Хореограф;

Безендіруші-суретші.

  1. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын  басшысы және басшысының орынбасары;

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын  бөлімінің  басшысы;

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі;

Редактор;

Әдіскер;

Мәдени ұйымдастырушы;

Музыкалық жетекші;

Сүйемелдеуші;

Клуб меңгерушісі;

Режиссер;

Дирижер;

Концертмейстр;

Кітапхана меңгерушісі;

Кітапханашы;

Библиограф

  1. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын  басшысы және басшысының орынбасары;

Жаттықтырушы;

  1. Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:

Ветеринариялық дәрігер;

Ветеринариялық фельдшер;

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75