Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жоба

 

Бірлік ауылдық округіне қарасты

Бірлік ауылына карантин режимін

енгізе отырып карантин

аймағының ветеринариялық

режимін белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7-тармағына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының    2017  жылғы        18 сәуірдегі      № 103      ұсынысы       негізінде           ауылдық  округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Құстүтінова Гүлназ Ердаулетқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Округ әкімі                                                                Б. Төлендиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы ____    ________ «Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» №_____ шешіміне келісім парағы

 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі
Басшы Ш. Жапабааев
«___»_______________ 2017 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесі
Басшы С. Таңсықов
«___»_______________ 2017 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
«Шу ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы» мемлекеттік
мекемесі
Басшы М. Болотин
«___»_______________ 2017 жыл

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75