Бөлімдер

  «2018 жылға  арналған мектепке дейінгітәрбие мен оқытуға мемлекеттік білімберу тапсырысын, ата-ана төлемақысыныңмөлшерін бекіту туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 […]

Толығырақ

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жыл басынан бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары туралы

   Бөлімге келіп түскен хаттар саны  – 416. Жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы құжаттарға уақытылы жауап жолдануда. Шығыс құжаттар саны -673. Жеке қабылдауда жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 1, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны-1, барлығы 2 өтініш түскен. Бөлімнің бұйрықтарының саны – 64. Оның ішінде: Жеке құрам бойынша саны – 44, негізгі […]

Толығырақ

09.07.2018 ж. Шешуді қажет ететін мәселе бар

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Ағымдағы жылдың 30 мамырында басталған жөндеу жұмыстарын тамыз айының аяғында аяқтау жоспарланған. Жұмысты аудан әкімдігі білім бөлімінің тапсырысымен Н.Әбдірасилов басқаратын тараздық «Айна-CITY» ЖШС жүргізуде. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының […]

Толығырақ

13.06.2018 ж. Ұстаздар кәсіподағы мәртебелі ұйым

Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағына сапалы   білім, саналы тәрбие және заманауи технологиялар арқылы қол жеткізуге болатынына терең мән беріп, білім саласындағы басым бағытты айқындап, еліміздің шикізатқа тәуелсіз, алдыңғы қатарлы, қуатты, ғылыми-технологиясы дамыған елдің қатарында болуына барлық мүмкіндігіміздің мол екенін салмақты атап өтті. Сан алуан мамандардың әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын сапалы білім алуы – […]

Толығырақ

13.06.2018 ж. Жаз қызығы – лагерьде

Балаларға биыл сегізінші жыл есігін айқара ашқан Тасөткел су қоймасы ауылында орналасқан «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагері 125 баланы қабылдап, бірінші ауысымын бастап кетті. Оның ішіндегі 100 бала сауықтыру тобында болса, қалған 25-і «Қыран» әскери патриоттық тобына жиналған. «Бәйтерек» лагері үш ай жазғы демалыста 5 ауысымды өткізіп, он екі күнге созылатын әр ауысымдағы 125 баланы қосқанда […]

Толығырақ

15.05.2018 ж. Ер есімі мәңгілікке ұрпағының жадында

Ұлы жеңістің 73 жылдығы қарсаңында Бірлікүстем ауылында мерекелік үлкен іс-шара өтті. Осы ауылдың тұрғыны болған, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Айтжан Нұрахметұлы Әбішевтің балалары марқұм әкелерінің рухына тағзым етіп, Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында еске алу тақтасын орнатты. Алдымен осы іс-шараға жиналған қонақтар мен ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысынан […]

Толығырақ

15.05.2018 ж. Майдангерлерге құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Қайрат Досаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйін аралап, айтулы Жеңіс күнімен құттықтап, оларға сыйлық жасады. Алдымен Қайрат Әскербекұлы Төле би ауылында тұратын Ибрагим Мұсаевтың шаңырағында болды. Аудан басшысы ардагердің қал-жағдайын сұрап, оған гүл шоқтарын беріп, ақжарма тілегін білдірді. Ибрагим Мұсаевтың бала күннен бері кескіндеме өнеріне қызығушылығы бар екен. Ол  […]

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75