Демографиялық көрсеткіштер

Демографиялық көрсеткіштер

2015 жылдың 1- ші қыркүйегіне, ауданымызда халық санының корсеткіші бойынша 98087 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 35002 адам яғни 35,7 пайыз, ал ауыл тұрғындары – 63085 адам, пайыздық көрсеткіші – 64,3

Ағымдағы халық санын бағалау ел арасындағы санақ жүргізілген жылғы нәтиже бойынша бағаланады. Жыл сайын халықтың өсуі дүниеге келген адамдар санымен және тап осы аумаққа келушілер санымен көбейіп отырады, ал дүниеден озған және осы аумақтан кеткен азаматтар есептен шығарылады.

Елді мекендерді тұрғылықты жеріне байланысты қалалық және аулдық елді мекендерге жатқызады, қалалық елді мекендерге Республика мағынадағы қалалары жатады, сол аумақта жатқан әкімшілік құзырындағы обылыс және аудандық мағынадағы және де ауылдар қала ретінде топтастырылмайды, яғни аулдық елді мекендер болып саналады.

Ел аумағында 50 ден аса ұлттар мен ұлыс өкілдері тұрады, олардың басым көпшілігі жергілікті халық қазақтар – 69958 адам ( жалпы елдің 71,3 пайызын құрайды ) және де орыс ұлт өкілдері – 28129 адам ( 28,7 пайыз ), қалған 17 пайыз халықты басқа ұлт өкілдері құрайды.

Халықтың жалпы санының өзгеруіне, ең алдымен табиғи өсу әсер етеді. Яғни сабилердің дүниеге келуінің жақсы қалыптасуы.

Жалпы 2015 жылы аудан аумағында 1424 саби дуниеге келді, оның ішінде қалаларда – 1012 адам (41 пайыз), ал ауылдық жерлдерде – 1465 адам (59 пайыз).

2015 жылдың қаңтар – тамыз айларында 1424 саби дүниеге келді және жалпы туу туралы коэффициенттік көрсеткіш 1000 адамға 14,8 пайызды құрады.

Жалпы 2015 жылға аудан бойынша ресми түрде 370 ерлі-зайыптылар некеге тіркелген және 137 ажырасқандар. Некеге тіркелгендер 2014 жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға азайған (95 ерлі-зайыпты жұптар), ал ажырасқандар саны 2,1 пайызға азайған (13 ерлі-зайыпты жұптар)

Халықтық миграция – халықтардың бір жерден екінші жерге шекара асып көшуі миграция деп аталады.

Миграция сальдосы – осы кезеңдегі аймаққа келушілердің саны мен одан кеткендер саны.

2015 жылы аудан аумағына 589 адам келді, ал кеткендер саны 60 адам, яғни мграциялық сальдо 529 адам, 2014 жылғы 84 адамдарға салыстырғанда.

А. СЕЙДАЛИЕВ,
аудандық статистика басқарма бастығы

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75