Ауылдық округ әкімдерінің функционалдық міндеттері

Ауылдық округ әкімдерінің функционалдық міндеттері

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

2. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын басқару, оларды қаржылық–материалдық ұйымдастыру, ауылды дамытуда бағдарламалар жасап, оның орындалуына бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын үйлестіреді.

3. Ауылдың негізгі дамыту бағыттарын анықтайды, дамытуға арналған келешектік ағымды және мақсатты бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады. Көріктендіру, санитарлық тазалау, көше жарығы, ауыз сумен қамтамасыз ету, сайлау, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу, жер және мүлік салықтарын жинау жұмыстарын ұйымдастырып үйлестіреді.

Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» N 48 Заңының 35 бабында көзделген өз құзыретi шегінде төмендегі қызметтерді атқарады:

1. Тиiстi әкiмшiлiк – аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, заматтармен өзара қарым – қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4. Әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
5. әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады:
6. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
7. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
8. аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
9. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
10. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
11. Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
12. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
13. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
14. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;
15. Мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;
16. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;
17.Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
18. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
19. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
20. Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
21. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
22. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
23. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
24. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
25. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
27. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
28. жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
29. мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
30. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды йымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
31. елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
32. Туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп – ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
33. Кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
34. Ауылдық округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай – ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.
35. Ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
– басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;
– берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
– берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
– берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
– жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;
– басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың ( жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;
– берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;
– кiрiс көздерiн қалыптастырады;
– бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн – өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн – өзi басқарудың қолма – қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;
– бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн – өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
– жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн – өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;
– мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi.
36. Ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
37. Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихаттың алдында жауап бередi.

Ауылдық округ әкімдерінің Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi «Мемлекеттiк қызмет туралы» N 453 Заңы 9 бабында көзделген өз құзыретi шегінде:

1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
4-1) лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде бейтарап және саяси партиялардың, дiни және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болуға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;
12-1) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздерi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
14) оқуды аяқтағаннан кейiн өздерiн жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға жiберген мемлекеттiк органда, сондай-ақ мемлекеттiк қызметте тiкелей жұмысты өтеуге мiндеттi.

Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» N 508 Заңының 17-2-бабына сәйкес өз құзіреті шегінде:

1) елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат бередi;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарнама қызметi мәселелерi бойынша өтiнiштерiн қарайды;
3) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) кодексінің 21 бабына сәйкес өз құзіреті шегінде төмендегі өз өкілеттігін жүзеге асырады:

1. Ауылдық округ әкiмдерi салық төлеушi – жеке тұлға төлейтiн мүлiкке, көлiк құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:
1) есептелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы хабарламаларды салық төлеушiге тапсыруды;
2) салық төлеушiге – жеке тұлғаға салық сомаларын төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған банктiк күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомаларын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде елдi мекенде ақша өткiзу үш банктiк күнде бiр рет жүзеге асырылады;
4) квитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға өткiзу туралы есептердi берудi қамтамасыз етедi.

Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексiне енгізілген өзгерістерге сәйкес өз құзіреті шегінде:

– ұсақ құқық бұзушылықтарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды, (абаттандыру тәртібін бұзушылық, инфрақұрылым объектілеріне және жасыл желекке зақым келтіру, бекітілмеген орындарда сауда жасау) жүзеге асырады.
– «Медиация туралы» Заңға сәйкес ауылдық деңгейде соттан тыс тәртіпте таластарды реттеуді үлкен өмірлік тәжірибесі, беделі және мінсіз әбиірі бар жергілікті қоғамның жиналысымен (жиынымен) сайланатын жергілікті тұрғындар жүргізе алады.
Бұл ретте ауылдық әкім осындай кәсіби емес медиаторлардың тізімін жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75