Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

                                                                                                                                                                   «БЕКІТЕМІН»

                                                                           Аудан әкімінің орынбасары,

                                                                           аудан әкімдігі жанындағы

                                                                                                                                                кәмелетке толмағандардың істері

                                                                                                                                                және олардың құқықтарын қорғау

                                                                                                                                                жөніндегі комиссиясының төрағасы

                                                                                                                                                         ___________________ Е.Аймамбетов

                                                                                                                                                «    »_мамыр 2017 жыл

 

                                                                                                           

Шу ауданында бала еңбегін қанауға қарсы 12 кұн  – Ұлттық науқанын

ұйымдастыру және өткізудің іс-шаралар жоспары

 

Іс-шара атауы Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар
1 «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ҰАН өткізу туралы ауданның ресми сайтына ақпарат орналастыру     30 мамыр – 15 маусым Б.Есеев

Э.Асқарова

К.Қожағаппанова

Б.Досмаилова

2 Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатудың алдын алу бойынша плакаттар, ақпараттық парақтар дайындау, таратылуын қамтамасыз ету. 1-10 маусым  К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

3 Аудандық «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетіне
бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы мақалалар, сұхбаттар жариялау
1-12 маусым Н. Қадырбеков

К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

Н. Қадырбеков

4 Жалпы білім беретін мектептерде бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселесі жөнінде әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиеттердің көрмесін ұйымдастыру, оқушылар үшін ақпараттық-насихаттық стендтер әзірлеу 1-12 маусым К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

5 Кәсіпкерлік объектілеріне ҰАН-ның өткізілу барысы бойынша ақпараттық түсінік беру парақтарын әзірлеп, тарату 1-12 маусым Б. Досмаилова

Комиссия мүшелері

6 Жастар ұйымдары, ата-аналар қауымы қатыстырылған «Отбасыдағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ» мәселесі бойынша Шу ауданында «қоғамдық қабылдау» күндерін, «Жасөспірім» рейдтік іс-шараларын өткізу         3-5 маусым аралығы К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

А.Рахымбаева

Ү.Нурматов

Комиссия мүшелері

7 Ауданда «Көше»,  рейдтік іс-шара өткізіп, қорытынды ақпарат беру 1-10 маусым

 

К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

Ү.Нурматов

Комиссия мүшелері

8 Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемасы бойынша аудан мектеп директорларының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар және тәлімгерлер үшін семинар-тренингтер өткізу  

 

1-12 маусым

К. Қожағаппанова

 

9 Ауданда балалар дебат турнирлерін  өткізіп, баспасөз құралдарына жариялап, фотоматериалдарды қамтамасыз ету. 1-10 маусым К. Қожағаппанова

А.Рахымбаева

10 Кинотеатрда фильмдердің қайырылымдық көрсетілімдерін көрсету мақсатында көрсетілімге жіберілетін оқушылар тізімін әзірлеу 1-12 маусым К. Қожағаппанова

М.Базарова

11 «Жасөспірім» рейдтерін жүргізу («қиын» топтағы оқушылардың тұрғын –үй жайларын қарау, актілеу, ата-аналары мен заңды өкілдерімен байланыс жасап, кәмелетке толмағанның бос уақытын, жазғы мезгілдегі демалысын қамтамасыз ету, спорт секцияларына тіркеу мақсатында арнайы іс-шаралар қабылдау, жазғы мезгілде уақытша жұмыспен қамтылған кәмелетке толмағандардың еңбек құқықығының сақталуына бақылау жасау) Тұрақты К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

Ү.Нурматов

Комиссия мүшелері

12 Ауылды жерлерде оқушылардың ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылуының, көлік жуу, көлік жөндеу орындарында кәмелетке толмағандардың қызмет атқаруының алдын алу Тұрақты К. Қожағаппанова

Б.Досмаилова

Ү.Нурматов

Комиссия мүшелері

13 «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ҰАН қорытындыларын аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарау, талдау жасау, қорытынды ақпаратты әзірлеп, облыстық комиисияға жолдау 10 маусым Б.Досмаилова

К. Қожағаппанова

 

14 Науқанды өткізу барысында жинақталған фотоматериалдарды, БАҚ- та жарияланымдарды қоса бере отырып, Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу  туралы қорытынды есеп дайындау 10 маусым Б.Досмаилова

К. Қожағаппанова

 

 

 

 

Комиссия хатшысы                                                                                              Б.Досмаилова


                                                                                                                                                                                                

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75