Астананың 20 жылдығы

_IJL9712
27 шілде 2018

ТОРҚАЛЫ ТОЙДЫҢ ТҮЙІНІ

Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, аудан орталығы – Төле би ауылында «Ел жүрегі – Астана» атты ауданның мәдениет және өнер күндері болып өтті. Негізінен аталған мәдени шара біздің ауданымызда өткен айда басталып кеткен. Бір ай бойы ауданымыздағы барлық ауылдарды аралаған мәдениет саласының майталмандары үздік өнерпаздарды іріктеп, олар дәл осы қорытынды концертте көпшілікке тағы да өз өнерлерін ұсынды.

Толығырақ
_IJL9004
6 шілде 2018

Елорда – елімнің жүрегі

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Астана күні мерекесі және бас қаламыздың 20 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын өтіп, ол ҚР мемлекеттік Гимнімен басталды.

Толығырақ
_IJL8721
4 шілде 2018

Астананы арқау еткен аламан айтыс

Жылдар жылжып, ғасырлар артта қалса да, мәні мен мазмұнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгісінің бірі – айтыс өнері. Бұл кешегі қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтпақшы, нағыз сөз барымтасы, қара өлеңмен қамшыласқан шайырлардың шайқасы. Қазақтың осы бір арда өнеріне халықтың ықыласы қашанда айрықша. Қазақылықтың қаймағын бұзбаған Шу өңірі де қай кезде болмасын «айтыс» деп аталатын сөз додасына қырын қараған емес. Ауданымыз жыл сайын аламан айтыстар ұйымдастырмаса да, аракідік өңіріміздің және еліміздің торқалы тойлары қарсаңында немесе ұлы тұлғалардың ұлт үшін еткен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында топқа түссе тартынбайтын тарпаңдардың басын бір қосатыны бар.

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75