Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафета

сөз сөйлеу
11 тамыз 2018

Марафон-эстафета Мойынқұмда жалғасады

16 шілде мен 3 тамыз аралығында «адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы аясында аудан бойынша түрлі форматтағы 29 іс-шара өтті.

Толығырақ
IMG_5765-31-07-18-11-17
1 тамыз 2018

Жемқорлықты болдырмау жолдары айтылды

Дүйсенбі күні облыстық «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасының аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен семинар өтті. Оған аталған медициналық мекемесінің бас дәрігері А.Мұқатаев төрағалық етті.

Толығырақ
_DSC7399
27 шілде 2018

Сыбайластық сыйсыздыққа апарады

Ауданымызда 16 шілдеден бері «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы аясында бірқатар іс-шаралар өтіп жатқанын газетіміздің өткен сандарында жазғанбыз. Тамыз айының 3-не дейін жалғасатын аталмыш марафон аясындағы іс-шаралар әлі де жалғасуда. Күні кеше аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті дерттің алдын алу мақсатында «Сыбайластық сыйсыздыққа апарады» тақырыбында семинар өтті. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермахамбет Юлдашбаевтың жүргізуімен өткен бұл семинарға ауданымыздағы бірқатар Қоғамдық бірлестіктер мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты (суретте).

Толығырақ
_IJL9454
23 шілде 2018

Қатерлі індетпен күрес – міндет

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де бұл кесел айналып өткен жоқ.

Толығырақ
_IJL9366
16 шілде 2018

16.07.2018 ж. «Адал жол» марафон-эстафетасы басталды

Апта басы облыстық «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасының ашылу салтанатын өткізуден бастау алды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімі Қ.Ә.Досаев жүргізіп, оған аудан әкімдігінің бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және тағы басқалары қатысты.

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75