Тұңғыш Президент күні

тит
29 қараша 2017

Тарихи тұлға

Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі дәуірлерінде өзінің жасампаздығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында әртүрлі мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына сүйреп шығарған көшбасшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз. Алайда, қазақ деген халықтың шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастау алғаны, сол ұлы үдерістің тізгінін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстағаны ақиқат. Әр елдің тарихында биік бетбұрысты оқиғалар […]

Толығырақ
el
28 қараша 2017

Елін сүйген Елбасы

Уақыт зымырап өткен сайын тарихтың қатпары қалыңдай береді. Ойлап отырсақ, еліміздің егемендік алғаны, дербес мемлекет атанғаны кеше ғана секілді еді… Ал бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылын еселі еңбектермен еңсердік. Бұл  жылдар  қазақ елі үшін алтын ғасырға бергісіз жылдар десек, қателеспейміз. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні елдің тілегімен, халықтың қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздің Тұңғыш Президенті […]

Толығырақ
3ba61d714d16039a01045ab409cb8172
22 қараша 2017

Менің Тұңғыш Президентім

Тәуелсіз  Қазақстанымыздың  қалыптасуы мен дамуы жолында ерекше рөл атқарған тұлға ретінде біздің азаттық тарихымыздың бастауында Елбасы есімінің тұратындығы шындық. Ендеше бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесі  Елбасымыздың  биік  мәртебесі ғана емес, тұтас қазақ елінің  мерейі деп білемін. Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен  Қазақстан  Республикасында  1991 жылғы 1-желтоқсанда  өткен тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. […]

Толығырақ
Д.сад-Нурдаулет
5 желтоқсан 2016

Жаңа балабақша

Еліміздегі мерейлі мерекелердің бірі – 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Шу қаласы, «Қосқұдық» мөлтек ауданында өңіріміздің жеке кәсіпкері Қожабекова Сәуле Сансызбайқызының басшылығындағы 75 орындық «Нұрдәулет» атты жаңа балабақша бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашты.

Толығырақ
To not copy!!!
30 қараша 2016

Елбасы бағындырған белестер

1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтар үшін маңызы зор мерекелердің бірі саналады.

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75