САЯСАТ

Өндірістік нысанмен танысты
Өткен аптада аудан әкімі Жарылқасын Айтақов өңірдегі маңызды нысандардың жұмысымен танысты. Нақты айтар болсақ, аудан басшысы Жаңа жол ауылдық округінде орналасқан «Айшот» ЖШС-де және Ақсу ауылдық округіне қарасты Ақсу және Оразалы батыр ауылдарының аралығында орналасқан, мия тамырын өңдейтін «Каз мия» ЖШС-де болды. Ж.Айтақовпен аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшылары Б.Бетпаев пен Б.Төлендиев, жоғарыда аталған ауылдық округ әкімі бірге жүрді.
Толығырақ
Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
Үкімет отырысы басталар алдында Нұрсұлтан Назарбаев «Үкімет үйі» ғимаратының фойесіне қойылған цифрлық тақтаны көрді. Онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылғы іске асырылу нәтижелері туралы ақпарат және Электронды үкіметтің Ахуалдық орталығының мәліметтері енгізілген.
ТолығырақӘлеуметтік мәселелер басты назарда
Апта басында аудан әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаевтың жергілікті тұрғындар алдындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қоры-тындылары жөніндегі жылдық есебі басталған болатын. Осыған байланысты, аудан басшысы өңірдегі бірқатар ауыл-аймақты аралап, жергілікті жұртшылық өкілдерінің көкейіндегі түйткілді мәселелеріне құлақ түрді.
ТолығырақҚазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде есеп беріліп, елдегі валюта-қаржы нарығының қазіргі ахуалы туралы баяндалды.
Толығырақ
Жұмысшы тобы құрылды
Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиевтің төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ отырысы өтті. Оған топ құрамына ұсынылған кандидаттар, бақылаушы және БАҚ өкілдері қатысты.
ТолығырақТМД әр елдің егемендігін нығайтуға септігін тигізд
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Толығырақ
Кезектен тыс ХХІІІ конференция
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық партия төрағасы Қ.Ә.Досаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХXIIІ конференциясы өтті.
Толығырақ