ҚОҒАМ

19 қыркүйек 2018

Аудан тұрғындарының назарына!

2018 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 9.00-де Шу қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлаймыз. Ұйымдастырушы: аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі. Байланыс тел.: 8(72638) 3-01-25.

Толығырақ
_SEN1971
19 қыркүйек 2018

Өнімдер төмен бағада саудаланды

Өткен аптаның сенбісінде Шу қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Оған бірқатар ауылдық округтерден келген ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауданның жеке кәсіпкерлері қатысты. Әрине, мұндай игілігі мол шара өңірдің қарапайым тұрғындары үшін үлкен маңызға ие.

Толығырақ
19 қыркүйек 2018

Сенбілікке салғырттық танытпайық

Қыркүйек айының 1-нен бастап ауданымызда қала мен елді мекендердің аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау науқаны жүріп жатыр. Екі айға созылатын бұл науқан барысында өңіріміздің өңін ашатын қоғамдық жерлер мен көше бойын күл-қоқыстан тазартып, қыс мезгіліне дайындау көзделіп отыр. Осыған орай, өткен сенбіде ауданымыздағы көптеген мекемелер жаппай сенбілікке шығып, ауданның біраз аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ
19 қыркүйек 2018

Сыбайластық – кеселді індет

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауында жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және заң үстемдігінің маңыздылығын айтып өткен болатын.

Толығырақ
_SEN1935
17 қыркүйек 2018

Шығыс Қазақстан облысы жұмысқа шақырады

Үш бағыттан тұратын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға арналған. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында жуырда ауданымызға Шығыс Қазақстан облысынан делегаттар келген болатын (суретте).

Толығырақ
13
17 қыркүйек 2018

Салт-дәстүр дәріптеліп, тіл мәртебесі асқақтады

Ағымдағы аптаның бейсенбі күні Төле би ауылында орналасқан Даңқ аллеясында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Ата-бабам – салт-дәстүрім» атты этнофестиваль өтті. «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғалия Әбітаеваның ұйымдастыруымен өткен аталмыш фестивальге «Насими» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы, «Славяне» орыс этномәдени орталығы, «Навроз» күрді ұлттық-мәдени орталығы, «Қазақ» мәдени орталығы, Шу ауданы және Шу қаласы іскер әйелдер кеңесі мен «Компания «Мар-Нұр» ЖШС-і қатысты.

Толығырақ
17 қыркүйек 2018

Жастарды не толғандырады?

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының орындалуын қадағалайтын аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы, «Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы» біріккен шекаралық кәсіподақтардың мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Төлепберген аудан жастарын жеке сұрақтар бойынша қабылдады

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75