_IJL9366
16 шілде 2018

16.07.2018 ж. «Адал жол» марафон-эстафетасы басталды

Апта басы облыстық «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасының ашылу салтанатын өткізуден бастау алды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімі Қ.Ә.Досаев жүргізіп, оған аудан әкімдігінің бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және тағы басқалары қатысты.

Толығырақ
_IJL9247
16 шілде 2018

Диқандардың қажырлы еңбегі

Егін жинау жұмысы ауданның егіс алқаптарында қарқын алуда. Қазір егін еккен қожалықтардың басым көпшілігі өнген өнімдерін жинап алуда. Бүгінгі күнге дейін 31964 гектар жердегі егіннің 6467 гектары жиналды. Науқанды жұмысты 78 комбайн жүргізуде. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, 12481 тонна егін жиналған, оның әр гектарынан жиналған өнім 19,3 центнерді құрайды.

Толығырақ
_IJL9168
11 шілде 2018

Жауапты науқан басталды

Аудан диқандары үшін жауапты кезең – егін жинау науқаны басталды. Жалпы, аудан бойынша 31964 гектар жүгері жинау жұмысы күтіп тұр. Одан бөлек, 14680 га күздік бидай мен 17284 га жаздық арпа жинау қажет.

Толығырақ
_IJL9004
6 шілде 2018

Елорда – елімнің жүрегі

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Астана күні мерекесі және бас қаламыздың 20 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын өтіп, ол ҚР мемлекеттік Гимнімен басталды.

Толығырақ
IMG_20180704_173905
5 шілде 2018

Мал сою пункті ашылды

Жуырда Қонаев ауылында «Берекелі-2016» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) жанынан үлгілік мал соятын пункт ашылды. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Досымбаев, Қонаев ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жаңабек Нұрғали, ауылдық мешіт имамы Ваид Мустафаев қатысты.

Толығырақ
_IJL8692
4 шілде 2018

Жылдық жұмыс баяндалды

Апта басында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті (суретте). Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев төрағалық етіп, аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, жастар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты.

Толығырақ
_IJL8721
4 шілде 2018

Астананы арқау еткен аламан айтыс

Жылдар жылжып, ғасырлар артта қалса да, мәні мен мазмұнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгісінің бірі – айтыс өнері. Бұл кешегі қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтпақшы, нағыз сөз барымтасы, қара өлеңмен қамшыласқан шайырлардың шайқасы. Қазақтың осы бір арда өнеріне халықтың ықыласы қашанда айрықша. Қазақылықтың қаймағын бұзбаған Шу өңірі де қай кезде болмасын «айтыс» деп аталатын сөз додасына қырын қараған емес. Ауданымыз жыл сайын аламан айтыстар ұйымдастырмаса да, аракідік өңіріміздің және еліміздің торқалы тойлары қарсаңында немесе ұлы тұлғалардың ұлт үшін еткен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында топқа түссе тартынбайтын тарпаңдардың басын бір қосатыны бар.

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75