Айт қабыл болсын!

_IJN0165
30 маусым 2017

Айт қабыл болсын!

Айт қабыл болсын!

Ислам дінін берік ұстанатын мұсылман қауымы Ораза айт пен Құрбан айтты ерекше құрметпен асыға күтеді. Мәні мен мағынасы терең бұл күндер еліміз тәуелсіздік алмай тұрған жылдары да өз мәртебесінен ажыраған емес. Тазалықтың жаршысы саналатын бұл мерекені барынша адал ниетпен атап өту  ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі негізде өз жалғасын тауып келеді.  Үш күннен құралған Айт мерекесінде еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейінгі барша халық  бір-біріне деген разылығы мен құрметін, сыйластығын білдіріп жатады. Сол секілді біздің ауданның тұрғындары да жыл сайын ерекше көңілмен Ораза айтты атап өтеді. Осыған орай таң бозара атқаннан әр үйдің ауласынан сары майға пісірілген ыстық бауырсақтың иісі мүңкіп, төрде жайылған берекелі дастарханы түрлі дәмге толып, құран оқылып, есіктен кірген әрбір мұсылман жанға дәмнен ауыз тигізеді. Мұсылман қауымы Айт мерекесі алдындағы мамыр айының аяғы  мен маусым айының аяғында Қасиетті Рамазан айының міндетті парызы саналатын оразаны  ұстап, бір ай бойы ас-судан, ең бастысы жаман қасиеттерден, жат қылықтардан тиылды.  Биылғы жылғы Айт намазы 25-маусым күніне белгіленді.  Бұл күні  иманға шек келтірмейтін барша мұсылман таң атысымен Алланың үйі – мешітке қарай ағылды. Аудандық мешіттің бас имамы Аят Дыбысұлы қатысушыларға ізгі тілегін білдіргеннен кейін Айт намазын оқыды. Осыдан кейін аудан әкімі Қайрат Досаев маңызды шараға жиналғандарды мерекемен құттықтап, бар жақсылықты тіледі.

(Өз тілшіміз).

Суретте: аудандық мешіттегі

айт намазынан көрініс.

Сурет П.Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75