Ардагерлер ЭКСПО-ға аттанды

DSC_6374
26 шілде 2017

Ардагерлер ЭКСПО-ға аттанды

Ардагерлер ЭКСПО-ға аттанды

 Шу ауданынан бір топ ардагер ағымдағы жылдың 26 шілдесі күні Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға аттанды. Делегация құрамында 25 ардагер бар. Ардагерлерді Шу темір жол вокзалынан Шу қаласының әкімі Б.Тұрғынбаев және аудандық мәслихат депутаты, «ҚТЖ-жүк тасымалдау» АҚ «Жамбыл жол бөлімшесі»  (Шу ауданы бойынша) филиалы директорының орынбасары С.Каликов ақ жол тілеп шығарып салды.

Түрлі салада қызмет атқарып, бүгінде зейнеткерлікке шыққан ардагерлер қашанда құрметтен кенде емес. Әйтсе де олар үшін ел мәртебесін асқақтатар көрмені көзбен көру ерекше қуаныш болып отыр.

Ардагерлердің сапары 26-31 шілде аралығында Астана қаласында  Жамбыл облысының күндері өтуімен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған делегация Астана қаласында 2 күн болады.

– Міне көрмені өз көзімізбен көріп қайтуға мүмкіндік алдық.  Бүгінде көрме қонақтарының саны миллионнан асып кеткенінен барлығымыз хабардармыз. Сондықтан сол миллиондардың көңілінде өшпестей болып қалған әсем көріністердің куәгері боларыма қуанып, көңілім алып-ұшып тұр. «ЭКСПО-2017» көрмесін көріп қайтуға зор мүмкіндік жасаған аудан әкімі Қ.Досаевқа үлкен алғысымды білдіремін,-дейді Шу қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Қарғабаев.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75