Ақ халаттылар ардақталды

_DSC6232
16 маусым 2018

Ақ халаттылар ардақталды

Жұма күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Медицина саласы қызметкерлері күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, оған аталмыш саланың ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Мереке иелерін аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қ.Ә.Досаев айт мейрамының бірінші күнімен және кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде медициналық қызметтің қоғамдағы рөлін атап өтіп, мәні мен маңызына тоқталды.

-Сапалы медициналық қызмет үшін материалдық-техникалық база, лайықты ғимарат болуы қажет. Ауданда медициналық мекемелер болғанымен, аздық етеді. Алдағы уақытта 4 медициналық мекеме салу көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев алға қойған міндеттердің бірі – қоғамдық сананы рухани жаңғырту. Ол үшін алдымен әр адамның дені сау, білімді болуы маңызды. Сол себептен, бұл тұста сіздердің еңбектеріңіз ерен. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Алдарыңызға келген адамдар нәтижелі ем қабылдап, өздеріңізге әрқашан алғыс айтып жүрсін,-деді Қайрат Әскербекұлы.

Мұнан кейін медицина саласының қызметін жетілдіруге үлес қосқан алдыңғы қатарлы қызметкерлерді аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Осындай марапаттау рәсімі аудандық мәслихат хатшысы Е.К.Өмірәлиев тарапынан да жасалды.

Сондай-ақ, медицина қызметі саласының ардагері Г.Ә.Алтеева өзінің әріптестерін төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

(Өз тілшіміз).

Суретте: аудан басшысы мереке иелерімен бірге.

Суретті түсірген Петр Норкин.

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75