Даму дұрыс бағытта

2...
17 сәуір 2017

Даму дұрыс бағытта

Даму дұрыс бағытта

   Осы аптаның бейсенбісінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Данай Смағұлов жұмыс сапарымен ауданымызға келіп қайтты. Астанадан келген қонақты аудан әкімі Қайрат Досаев  күтіп алып, аудандағы бірқатар нысандардың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесімен танысу барысында онымен бірге болды. 

Бастапқыда Данай Мұратұлы болашақта іске қосылатын  «Тараз химиялық паркі» ЕЭА-ның құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының барысын таныстырған өндіріс орнының өкілдері оның қандай бағытта жұмыс жасайтынын түсіндірді. Бұдан кейін астаналық қонақ «Тарлан» спорт кешені мен «Әсия-Әлемі» балабақшасына барды (суретте). Екі әлеуметтік нысан да Данай Смағұловтың көңілінен шықты. Спорт кешені республикалық бокс федерациясының қаражаты негізінен салынса, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі кәсіпкер Ләйла Жүнісалиеваның арқасында ел игілігіне пайдаланылуға берілді. Қажетті жабдықтармен, ыңғайлы жиһаздармен жабдықталған заманауи нысан болғандықтан ниет білдіргендер «Тарлан» спорт кешені мен «Әсия-Әлемі» балабақшасына балаларын бергендері үшін өкіне қоймас,-деді өз сөзінде Д.Мұратұлы.

Танысу сапары барысында аудан басшысы Қайрат Әскербекұлы Астанадан келген шенеунікті ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, алда атқарылатын жоспарлардан хабардар етті.  Жалпы мемлекеттік инспектор ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Қ.НҰРЖАНОВ.

Сурет П.Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75