Іскер әйелдерге жол ашық

10 мамыр 2018

Іскер әйелдерге жол ашық

 

Бейсенбі күні аудан ортылығында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қайрат Әскербекұлы Досаевтың бастамасымен әрі қолдауымен «Әйел және кәсіп» тақырыбында аудандағы іскер әйелдерге арналған семинар өтті. Кәсіпкер әйелдер мен өз ісін жаңадан бастағандар үшін маңызды шараны ұйымдастырушы, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ғалия Әбітаева сөз сөйледі.

Семинар еркін форматта өткізілгендіктен, өзара пікір алмасуға басымдық беріліп, қатысушылар өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті. Семинарға кәсіпкерлік саласының қызметіне қатысы бар бірқатар аудан әкімдігінің бөлім басшылары, кейбір мекемелер мен ұйымдар өкілдерінің  арнайы қатысқандығын да айта кеткен жөн. Мұнан басқа, семинар өткізілген «Астана» мейрамханасының кең залына ауданымыздағы тапқыр, талантты әйелдер қауымы жиналып, сондай-ақ, оған көршілес Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандарының қонақтары да қызығушылық танытты.

Әуелі жиналғандар алдында аудан әкімі Қ.Досаев сөз сөйлеп, кәсіпкерлердің, оның ішінде осы салада өз кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдер қауымының аудан экономикасын өркендетуге зор үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қайрат Әскербекұлы мемлекеттің кәсіпкерлік саласын қолдауға бағытталған басты негіздерін тыңдаушылардың жадына салды. Мазмұнды баяндамадан соң ол Тараз қаласынан арнайы келген облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова мен Ғалия Әбітаеваға мемлекеттің маңызды саласын дамытуға қосқан үлестері үшін аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Мұнан кейін семинар А.С.Ақшалованың, облыстық кәсіпкерлер палатасының қалалық және аудандық филиалдарының директорлары А.Ш.Қомаев пен Е.Е.Аймамбетов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, банк өкілдері және басқалардың ой-пікірімен жалғасты.

Ең бастысы, семинарға қатысушы кәсіпкерлер өздері үшін көптеген маңызды ақпарат пен кеңестер алғанын айтып, тиісті органдар тарапынан қажетті көмектің де қолжетімді болатынына сенім білдірді. Шара соңында бірлесіп жұмыс жасауға келісім жасалып, сонымен қатар осындай  пайдалы жиынды жиі өткізіп тұру қажеттігі жөнінде шешім қабылданды.

Нұржан Қадырбеков.

Суретте: кәсіпкер әйелдер семинарының президиумы.

Суретті түсірген

Петр Норкин.

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75