Жекеменшік балабақша ашудың тиімді жолдары түсіндірілді

10 мамыр 2018

Жекеменшік балабақша ашудың тиімді жолдары түсіндірілді

 

Соңғы жылдары елімізде балабақшалар саны көбейіп, оған 2010 жылдан қолданысқа енгізілген мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы зор септігін тигізген еді. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту мұнымен тоқталып қалмай, араға бірнеше жыл салып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы да қанатын кеңге жая бастады. ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты тетігі балаларды балабақшамен қамту. Осыған орай, дүйсенбі күні Шу қаласындағы «Мөлдір» балабақшасында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыруға бағытталған келелі жиын өтті. Оған облыс әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы Есеев Саясат Керімбекұлы, аудан әкімдігі білім бөлімінің мектепке дейінгі оқу мен тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Тұрсынбекова Зубарзат Наурызбайқызы, Шу және Мойынқұм аудандарындағы бірнеше мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың меңгерушілері, балабақша ашуға ниет білдірген азаматтар қатысты.

Жиынның мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сай келешекте әр өңірде балабақшаларды мемлекет қаржысы есебінен емес, жекеменшік серіктестік аясында ашуды жолға қою бағытында жүзеге асырылатын маңызды басымдықтар мен міндеттерді, бұл тұстағы ортақ талаптарды жан-жақты түсіндіру, мемлекеттік балабақша меңгерушілерін жекеменшік балабақшалар ашуға тарту, жекеменшік балабақша мен мемлекеттік балабақша арасында ортақ ұстанымды қалыптастыру.

Жаңа талаптарға сай мемлекеттік балабақша меңгерушісі жекеменшік балабақша ашып, оған құрылтайшы бола алады. Балабақша ашамын деген азаматтар меңгерушіге келіп, кеңес сұрайды. Оларға дұрыс бағдар берілмесе, жекеменшік балабақша ашуға негізделген ниет мүлдем жоғалатыны анық. 2019 жылда 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылғандар үлесін 98 пайызға жеткізу көзделген. Сондықтан, жекеменшік балабақшалардың санын көбейту жөніндегі Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс берекесін береді деп топшылануда.

Сөз кезегін алған Саясат Керімбекұлы жекеменшік балабақша ашу кезінде басты негізге алатын критерийлерді мәлімдеді. Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырысты лайықты жүзеге асыру, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидасының, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы №499 қаулысының, ҚР БҒМ 2017 жылғы №95 бұйрығының, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарын орындау сынды бірнеше маңызды бағыттар бойынша жан-жақты түсінік берді. Егер, жекеменшік балабақша меңгерушісі мемлекеттік тапсырысты орындамай, мемлекеттің межелеген мақсатына қол жеткізе алмаса, ата-аналар тарапынан тиісті органға арыз-шағым түскен жағдайда білім бөлімі оның үстінен сотқа шағымданып, мемлекеттік тапсырыс сот арқылы қайтарылады. Өйткені, мемлекет бөлген қаражат сапалы білім мен тәрбиеге, халықтың пайдасына жұмсалуы қажет.

Сондай-ақ, балабақша ашарда оның иесі ертеңгі күні өз шығынын ақтап, оның үстінен табыс көру үшін әуелі халық саны, орналасатын орны, тағы басқа жағдайлар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, алғашқы қажеттіліктерді, тиімді-тиімсіз тұстарды анықтап алу қажет. Бірінші күннен білім бөлімімен тығыз байланыс орнату маңызды рөлге ие.

Осы және өзге де жаңашылдықтар жөнінде мазмұнды баяндама жасаған С.Есеевке жиынға қатысушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Динара Батырхаирова.

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75