«Есірткісіз Қазақстан!»

акция6
30 қыркүйек 2019

«Есірткісіз Қазақстан!»

Шараның ашылу салтанатында қатысушылар алдында аудан әкімі Ж.Ә.Айтақов және Жамбыл облыстық полиция департаментінің штаб бастығы, полиция полковнигі Қалижан Шоңғарбаев, «Нағыз патриоттар» ҚБ төрайымы Ғалия Әбітаева сөз сөйлеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осыдан кейін жастар қауымы түрлі жанрдағы биден құралған флешмоб тарту етті.

Көрермендер үшін ең әсерлі сәт «Дельта долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерінің арнайы үйретілген иттермен жасырынған есірткіні тауып, қылмыскерлерді құрықтаған көріністері болды.

Акция барысында оның қатысушылары көкке түрлі-түсті шарлар мен көгершіндер ұшырды. Атап өтерлігі, акцияның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан азаматтар облыстық полиция департаментінің атынан Алғыс хаттарға ие болды.

Акция аяқтала салысымен Ж.Айтақов, Қ.Шоңғарбаев және басқалары аудандық полиция бөліміне жол тартып, ондағы еліміз бойынша алғаш болып ашылған фронт-офисті көріп қайтты.

Осыған орай аудандық полиция бөлімінің алдында митинг өтіп, оған ауданнан барған қонақтар мен аудандық ардагерлер кеңесі ұйымы төрағасының орынбасары Қ.Отарбаев, ішкі істер ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әуелов, «Нағыз патриоттар» ҚБ төрайымы Ғ.Әбітаева қатысып, қатысушыларды фронт-офистің ашылумен құттықтады.

 

Р.ИСКАКОВ.

Суреттерде: шара барысынан көріністер.

Суреттерді түсірген автор.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75