“Шу қаласы әкімінің аппараты” КММ-нің “Қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос тұрған қызметіне конкурс өткізеді.

14 қыркүйек 2019

“Шу қаласы әкімінің аппараты” КММ-нің “Қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос тұрған қызметіне конкурс өткізеді.

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы әкімінің аппараты (Шу қаласы, Д.Қонаев  көшесі №23, тел./факс: 8(72643) 2-14-41) «Жамбыл облысы, Шу ауданы, “Шу қаласы әкімінің аппараты” КММ-нің “Қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының  бос тұрған қызметіне конкурс өткізеді.

Жамбыл облысы, Шу ауданы, “Шу қаласы әкімінің аппараты” КММ-нің “Қалалық мәдениет үйі»  коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Шу қаласы, Арқалық көшесі №1,  тел.: 8(72643)  7-02-24)

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ШУ АУДАНЫ, ШУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ»  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫ  ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРСҚА  ҚАТЫСАТЫН БАРЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: «өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім мен мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Лауазымдық міндеттері: Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді. Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастыруды. Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады. Саябақтың және оның бөлімшелеренің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетариялар, кітапханалар, би және ойын павильондары мен алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтары  жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар және халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар және эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады. Мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады. Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясы  және Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексі, Қазақстан Республикасының бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының  «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы»  Заңдарды

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1) тіркелген мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілген конкурс төрағасының атына жазылған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнындағы еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және босату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

5) фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме, еркін нысанда жазылған өмірбаян;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген  №086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы  туралы анықтама.

Байқауға қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейлігі (біліктілігін көтеру құжаттары, ғылыми дәрежесі мен атағы, ғылыми жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялылығы, алдыңғы жұмыс орны басшысының ұсыныс хаты және т.б.) туралы қосымша құжаттарды ұсына алады.

Конкурсқа қатысатын үміткерлер өтінішті және қажетті құжаттарды осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Шу өңірі» газетінде) жарияланған сәттен бастап сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін күнтізбелік 15 күн ішінде Жамбыл облысы, Шу қаласы әкімі аппаратына тапсырулары тиіс.

Конкурс өткізілетін орын: “Шу қаласы әкімінің аппараты” КММ-сі, мекенжайы Шу қаласы, Д.Қонаев көшесі 23.

 

Шу қаласы әкімінің аппараты

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75