Заң бұзушылықтың алдын алу жолдары қарастырылды

_FEV1055
21 ақпан 2018

Заң бұзушылықтың алдын алу жолдары қарастырылды

 

Кеше «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Е.Ж.Момбаевтың төрағалық етуімен жиын өтті. Қызметтік-әскери құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында және тәрбие мен идеологиялық жұмыс бойынша методикалық жұмыстарды өткізу негізінде ұйымдастырылған жиынға Төле би ауылындағы №13 және Шу қаласындағы №14 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамдары шақырылды (суретте).

Күн тәртібінде бірден алты мәселе қаралып, алғашқы сөз бойынша Ермек Жамбылұлы жуырда ғана жарияланған Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттарын қысқаша түсіндіріп өтті.  Күн тәртібіне қойылған екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Әліпбаев сыбайлас жемқорлықтың қалай алдын алу қажеттігін, қандай жағдайда сыбайластыққа жол берілген болып саналатындығын тыңғылықты мәлімдеді. Үшінші мәселеге сай жергілікті полиция қызметінің өкілі А.Сұлтанхан жолда жүру ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, биылғы жылы айыппұл көлеміне енгізілген өзгерістермен таныстырды. Келесі болып сөз алған аудандық орталық емхананың наркология бөлімінің қызметкері М.Маткаримов есірткі және алкогольді тәуелділіктің адам денсаулығына зияндылығын, шамадан тыс қолданған жағдайда туындайтын жұқпалы аурулар жайында айтты. Сонымен қатар, аудандық салық комитетінің өкілі Е.Сағатұлы «Кірістер туралы декларацияны тапсырудың маңыздылығы туралы» баяндама жасаса, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Бекболатова төтенше жағдайлар кезінде пайда болуы мүмкін инфекциялық аурулардан сақтанудың жолдарын түсіндірді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселеге сай, яғни өткен жылғы қорытынды бойынша жалпы республика көлемінде сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз әрекеттерге, құқықбұзушылыққа жол берген қызметкерлердің санын және аталған жағдайлар көп орын алған облыстар туралы мәлімдеді.

Дөңгелек үстел форматында өткен жиынның қорытындысында Ермек Жамбылұлы төтенше жағдай қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін тағы бір естеріне салса, аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Қалықов Көкшетау техникалық институтына оқуға түсудің талаптары мен шарттарын қысқаша түсіндірді.

Сурет Петр Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75