Сыбайластық – кеселді індет

19 қыркүйек 2018

Сыбайластық – кеселді індет

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауында жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және заң үстемдігінің маңыздылығын айтып өткен болатын.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Яғни бұл – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген, заң мен әділдікке, түптеп келгенде билікке деген сеніміне кері әсер етеді. Мемлекет болып үздіксіз күресуді қажет ететін бұл кеселге жол бермеу үшін түрлі деңгейде есептік кездесулер мен түсіндіру шаралары жүргізіліп тұрады.

Соның бірі – кеше Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.С.Ажмахановтың төрағалығымен басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты өткен брифинг (суретте).  Брифинг жұмысына  маңызды істер бойынша аға инспектор Т.Б.Кребаев қатысты.

Алдымен Абусеит Сақтағанұлы сыбайлас жемқорлық тіпті сыйлық беруден басталып, соңы қомақты қаражат талап етумен аяқталатындығын атап өтті. Ал, Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы халыққа қызмет көрсететін орталық болғандықтан, мұнда көбіне қарапайым халық көп шоғырланады. Сондықтан басқарма қызметкерлері қызмет бабында заңсыз іс-әрекетке жол бермей, адал жұмыс жасау қажеттігін ескертті. Жиынды өз сөзімен жалғастырған Талғат Болтабекұлы сыбайлас жемқорлықтан туындайтын айыппұлдар мен жазаларды таныстырды.

Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, «көз қысты бармақ басты» әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, эко-номиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергілер келтіретіні даусыз екендігін айтқан брифинг қатысушылары Елбасы Жолдауындағы сыбайлас жемқор-лыққа қарсы тапсырмаларды орындау басты міндет екендігін тағы бір ұғынды.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ. Суретті түсірген П.Норкин.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75