Қазандық көгілдір отынға қосылып, тұрғындарға баспана беріледі

_DSC0592 (1)
31 шілде 2017

Қазандық көгілдір отынға қосылып, тұрғындарға баспана беріледі

Қазандық көгілдір отынға қосылып,

тұрғындарға  баспана  беріледі

Кеше облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев ауданда жұмыс сапарымен болды. Облыс басшысын күтіп алған аудан әкімі Қайрат Досаев алдымен «Шу жылу»  КМК-на қарасты орталық қазандыққа атбасын бұрды._DSC0580

Мекеме директоры Руслан Көккөзов 17 шілдеде басталған орталық қазандықтағы пештерді газға ауыстыру жұмыстарының барысымен таныстырды. Айта кету керек, қазандық бұған дейін KE-25-14C маркалы төрт бу қазанымен жұмыс істеп келген. Ағымдағы жылы екі бу қазанын газбен жұмыс жасайтын «BOSCH» маркалы қазандарға ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Оның құрылысы 280 млн. 301 мың теңгені құрап отыр. Аталмыш нысанға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде «Астана Құрылыс» ЖШС-мен келісімге қол қойылған. Қазіргі кезде орталық қазандықта монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жұмыс биылғы жылдың 30 қарашасында аяқталады деп жоспарлануда.

Осыдан кейін Кәрім Нәсбекұлы Шу қаласы, «Жетісу» тұрғын алқабындағы №4 көпқабатты тұрғын үйге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылыс жұмыстарымен «НИК-Тараз» ЖШС айналысуда. Үстіміздегі жылдың шілде айында басталған бұл жұмыс келер жылы аяқталмақшы. Жобалық-сметалық құны 415 млн. 170 мың теңгені құрайды.

-Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, 75 отбасыға баспана беріледі. Сондықтан, тұрғын үй барлық жағдаймен қамтылуы қажет. Бәрі ойдағыдай орындалса, келесі жылы қалған пәтерлерді қалыпқа келтіруді қолға алу керек,-деді облыс басшысы.

Жалпы, өңірде жолдар мен көшелерді жөндеу, әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру сынды жұмыстар қолға алынып келеді. Бұл жұмыстарды  Шу қаласы мен Төле би ауылынан анық байқауға болады. Аудан басшысы Қайрат Досаев атап өткендей, мұндай иігілікті істер жалғасын таба береді.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ.

Суреттерде: облыс әкімі К.Көкірекбаевтың жұмыс

сапары барысынан көріністер.

Суреттер автордікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75