Тарихи тұлға

тит
29 қараша 2017

Тарихи тұлға

Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі дәуірлерінде өзінің жасампаздығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында әртүрлі мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына сүйреп шығарған көшбасшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз. Алайда, қазақ деген халықтың шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастау алғаны, сол ұлы үдерістің тізгінін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстағаны ақиқат. Әр елдің тарихында биік бетбұрысты оқиғалар болады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланып, халықтық қолдауға шын мәнінде талассыз ие болды. Содан бері Елбасымыздың сан түрлі сынақтан сүрінбейтін сарабдал саясатының арқасында жеңісті жолы жалғасуда.

Елімізде бұл мерекені атап өту дәстүрге айналған. Осыдан тура 26 жыл бұрын, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы 26 жылдың ішінде шынайы мемлекетшіл екенін, халық мүддесіне берілгендігін үнемі көрсетіп, Қазақстан атты елдің болашақты бетке алған ұлы көшін бір белестен бір белеске асырумен келеді. Елбасының басшылығымен сол кеңестік республикадан тәуелсіз мемлекет, егемен ел жасалды. Ел болғанда да қатардағы ел емес, егемендігінің 20 жылдығына да жетпей жатып Еуропаның төріне көтеріліп, құрлықтағы басты саяси Ұйымға төрағалық еткен ел жасалды.

Осы тарихи күнді тағайындау әлемдік тәжірибені ескере оты¬рып қабылданды. Ондай күндер дүние жүзінде көптеген мемлекеттерде бар. Мысалы, АҚШ-та «Президент күні» аталып өтеді. Мұндай күннің белгіленуі Елбасының ел алдындағы ұлы еңбегін лайықты бағалау деп білеміз.

Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жасампаздыққа жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, халықаралық қоғамдастықтың ризашылығына ие болған жаһандық бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.

Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты. Тәуелсіздікке ие болған 26  жыл ішінде Қазақстан жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті экономикаға негіз болатын талассыз табыстарға жетті.

Берекеміздің бастауы болған бұл күн – біздің өз таңдауымызды өзіміз жасап, өз тағдырымызды өзіміз шешуді бастап берген күн. Елдіктің жолындағы ең алғашқы қадамымызды жасаған күн.

Гүлбарам ТҰРЛЫБЕК,

Шу қаласындағы №40 орта мектебінің

директоры, облыстық мәслихат депутаты.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75