Жолдау жан-жақты түсіндірілді

_IJN9348
12 маусым 2017

Жолдау жан-жақты түсіндірілді

Жолдау жан-жақты түсіндірілді

Апта басында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған, биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ауданымызға облыстық ақпараттық-насихат тобы келді (суретте). Түрлі сала қызметкерлерінен құралған топ құрамында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары С.Үрпеков, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Қырықбаев, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы К.Шералиев, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С.Тапеев, тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е.Наржанов, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «География және тарих» кафедрасының доценті А.Ботбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Б.Бекназаров болды.

Аудан әкімдігінің шағын мәжіліс залында өткен жиынға жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов көпшілікке облыстан келген қонақтарды таныстырып, кездесудің мақсатын түсіндірді. Мұнан кейін сөз кезегін алған облыс әкімдігі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С.Тапеев биылғы Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам»  – Ұлт жоспары сынды елімізді дамыған отыз елдің қатарына қосуға негіз болатын саяси құжаттардың жалғасы екендігін айта келіп, оны жүзеге асыруға әр саналы азамат үлес қосу керектігін жеткізді. Жолдаудың экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы яғни, «Цифрлы Қазақстан», бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту,  макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске қатысты басым бес бағытына кеңінен тоқталып, оның әрқайсысын қарапайым мысалдармен жан-жақты түсіндірді.

Әсіресе, Жолдау жолдарындағы технологиялық жаңғырудың өзектілігі, дәстүрлі салалық базаларды дамытудағы басты міндеттер, адами капитал сапасын жақсарту жолындағы білім мен денсаулық саласындағы жаңашылдықтар, осыған қатысты «Мәңгілік ел» болудың алғышарттары, міндетті медициналық сақтандыру, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сынды негізгі тұстары жөнінде кеңінен баяндады.

Ал, тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е.Наржанов тіл саясаты, үштілділікті дамыту, оның үш индикаторы, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын облыстың осы салаға қатысты тыныс-тіршілігімен байланыстыра отырып, түсіндіріп өтті.

Жоғарыда есімдері аталған топ мүшелерінің қатысуымен дәл осындай кездесулер өңіріміздегі №10 кәсіптік колледжде, Шу қаласындағы Абай атындағы орта мектепте, Шу локомотив пайдалану депосында, Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектепте, Ескі-Шу ауылдық округіндегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте, Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы Тірек мектебінде, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында студенттермен, жас қызметкерлермен, теміржолшылармен, мемлекеттік қызметкерлермен және басқа жергілікті тұрғындармен өтті. Барлық кездесулер барысында облыс орталығынан келген қонақтар тұрғындар тарапынан туындаған көптеген сұрақтарға жауап берді.

Динара Батырхаирова.

Сурет Петр Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75