Мерекелік медаль табысталды

_DEK1550
18 желтоқсан 2016

Мерекелік медаль табысталды

Мерекелік медаль табысталды

Аудан әкімі Р.Р.Дәулет жиынға қатысушыларды  ұлы мерекемен құттықтап, тәуелсіздіктің маңыздылығына тоқталып, әр саладағы тың табыстар жайлы жан-жақты баяндады. Аудан өміріндегі қол жеткен жетістіктерге осы жиынға қатысушылардың әрқайсысының өзіндік үлесі барын атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірген бірқатар қызметкерлерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальді салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, шара барысында аудан басшысы түрлі салада табысты қызмет етіп жүрген аудан тұрғындарын Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен  марапаттады.  Рүстем Рысбайұлы көпшілікке жуырда ғана аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиевтің де «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын мақтанышпен айтып, барлық медаль иелеріне өзінің ақ жарма тілегін жеткізді.

-Бұл марапаттардың барлығы ел Президентінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты халыққа жасаған мерекелік тартуы, ыстық ықыласы деп білеміз. Осы қуанышты сәтпен баршаларыңызды құттықтап, алдағы уақытта да биіктен көріне берулеріңізге тілектеспін,-деп атап өтті Рүстем Рысбайұлы.

Мұнан кейін аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып,  алдыңғы қатардан көрінген азаматтарға «Шу ауданының Құрметті азаматы» атағының төсбелгісі мен куәлігін тапсырды.  Дәстүрге айналған, жылына бір рет берілетін бұл құрметті атаққа ұсынылған азаматтар да өз кезегінде билік өкілдері тарапынан көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, жергілікті ақын Базарбай Асқартегі өзінің жылы лебізін жүрекжарды жырмен жеткізді.

Динара Батырхаирова.

Суретте: салтанатты шарадан көрініс.

Суретті түсірген

Петр Норкин.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75