Қызмет түрлері түсіндірілді

_APR4965
19 сәуір 2017

Қызмет түрлері түсіндірілді

Қызмет түрлері түсіндірілді

Өткен жұмада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Есеевтің төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты оқыту-семинар өтті. Оған ауылдық округ әкімдері мен  бөлім басшылары және осы салалардағы бас мамандар қатысты (суреттерде).

Бауыржан Бахытжанұлы қатысушыларға семинардың мақсатын таныстырғаннан кейін, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша алғашқы сөз кезегін аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ерлан Сүлейменовке берді. Ол «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы арнайы дайындалған слайдтар арқылы жан-жақты мәлімдеме жасады. Баяндамадан кейін семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар да берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Хадиша Маразыкова «Жеке қосалқы шаруашылық бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты мәліметтерін электрондық тізілімде толтыру және өзектілеу жөніндегі нұсқаулық туралы түсіндіріп өтті. Осыдан кейін Хадиша Төреханқызы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді зерделеу жұмыстарының қорытындысы туралы» келесі баяндамасында осы күнге дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт, АХАТ, сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімдеріне ішкі бақылау-зерделеу жұмыстары жүргізілгендігін айтып, заң талаптары жазылған қабырға тақтайшасының, арыз-шағым жәшігінің орнатылмағандығы сынды бірқатар кемшіліктерді атап өтті.

Оқыту-семинары соңында Бауыржан Бахытжанұлы қатысушыларға мамандар тарапынан айтылған кемшіліктерді түзеуді ескертті.

(Өз тілшіміз).

Суреттер П.Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75