Жаңа басшы тағайындалды

дархан нур отан
10 сәуір 2017

Жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшы тағайындалды

Кеше «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, партияның аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі Е.Е.Аймам-бетовтың төрағалығымен партия аудандық филиалы активінің жиналысы өтті. Бұл жиынға  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы қатысты.

Күн тәртібінде «Партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын тағайындау», «Партия аудандық филиалының алдағы атқаратын міндеттері туралы» екі мәселе қаралды.

Алғаш сөз кезегін алған  М.Шүкеев  бірінші кезекте партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығы қызметіне сай барлық талаптардан сүрінбей өткен Дархан Бұхарбайұлы Әліпбаевты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлады. Дархан Бұхарбайұлының өмірбаянымен қысқаша таныстырып, осы уақытқа дейін бірнеше жауапты қызметтерді атқарғандықтан,  бұл міндетті де лайықты жүзеге асырады деген сенімін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан кейін Мұратхан Жүнісәліұлы күн тәртібіндегі екінші мәселеге көшті. Ол өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметінде осы уақытқа дейін орын алған қоғамдық қабылдау жұмысын ұйымдастыруда кезіккен кемшіліктер, бастауыш партия төрағаларымен байланыстың аздығы секілді бірнеше кертартпа істерді  тізбектеп, алдағы уақытта кадр резервінде болғандар ғана партия депутаттарының қатарына өтетіндігін мәлімдеді.

-Алдыңғы кезде осы қызметте болған С.Бастаубаеваның орны босағалы бірнеше уақыт өтіп, филиалда көптеген жұмыстардың ақсап қалғандығы байқалуда. Сондықтан, оны ретке келтіруді нақты қадамдар арқылы жүзеге асырған жөн. Өзіңнің жинаған тәжірибең мен бар күш-жігеріңді сала отырып, аталған олқылықтардың орнын оңды істермен толықтыру қажет,-деді М.Шүкеев.

Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты  Т.Халық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Байжұманұлы жаңа қызметке тағайындалған Дархан Бұхарбайұлына ағалық ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде Д.Әліпбаев қолдау көрсеткендері үшін аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, артылған сенімді қолдан келгенше ақтауға тырысатындығына сендірді.

(Өз тілшіміз).  

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75