Бірлесе жұмыс жасау қажет

_DSC8964
3 сәуір 2017

Бірлесе жұмыс жасау қажет

Бірлесе жұмыс жасау қажет

Шу ауданының әкімі қызметіне тағайындала салысымен Қайрат Әскербекұлы Досаев негізгі жұмыс барысында жұмыстың алғашқы аптасын және бірқатар таныстық кездесулерін өткізіп үлгерді. Атап айтқанда, сәрсенбі күні аудан басшысы аудандық қоғамдық кеңестің, қалалық ардагерлер кеңесінің және Төле би ауылдық ақсақалдар алқасының төрағалары Е.Досымбаев, Қ.Қарғабаев пен Ә.Ормановты қабылдады. Қысқа ғана таныстықтан кейін Қайрат Әскербекұлы аға ұрпақ өкілдерін ауданды дамытуға бағытталған алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Жұмыстың оң нәтиже беруі оған ниеттілердің көбірек атсалысуына байланысты. Мысалы, өңірімізді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау, қант қызылшасын өсіру науқанын арттыру. Аталған жұмыс бағыттары бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Сондықтан осы бағытта аға ұрпақ өкілдерінің тигізер көмегі зор болмақ.

Аудан әкімінің пікірімен толықтай келіскен жоғарыда аталған қоғамдық ұйымдардың төрағалары игі іске әр уақыт қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

х х х

Бейсенбі күні аудан әкімі Қайрат Досаев аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы былай деді:

-Сіздерді халық таңдады, сондықтан өз сайлаушыларыңызбен тығыз қарым-қатынаста болуларыңыз керек. Жергілікті халықтың патриоттық сезімдерін арттыру қажет. Сонда ғана біз орын алып жатқан мәселелерді сәтті шеше аламыз.

Ашық әңгіме барысында түрлі сұрақтар төңірегінде пікір алмасулар болды. Халық қалаулылары бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтты.

(«Шу өңірі» ақпараты).

Сурет Е.Стецюранікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75