Өнімдер төмен бағада саудаланды

_SEN1971
19 қыркүйек 2018

Өнімдер төмен бағада саудаланды

Өткен аптаның сенбісінде Шу қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Оған бірқатар ауылдық округтерден келген ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауданның жеке кәсіпкерлері қатысты. Әрине, мұндай игілігі мол шара өңірдің қарапайым тұрғындары үшін үлкен маңызға ие.

Мәселен, «Батыс» ықшам ауданының тұрғыны Индира Төлебаева төмен бағада саудаланатын осындай жәрмеңкені тағатсыздана күтетіндігін айтты. Расымен де мұндағы тауарлардың бағасы базар бағасынан әлдеқайда төмен. Мысалы, қой етінің келісі небәрі  1100 теңгеге саудаланса, көкөніс өнімдерінен: картоп-40 тг, сәбіз – 90 тг, пияз – 35 теңгені көрсетіп тұрды. Бұдан бөлек, қалалықтар арпа-бидайдың келісін 35 тг, макарон өнімдерін – 150 тг, сүт өнімдерін – 130 теңгеден сатып алды.

Жалпы, жәрмеңке барысында 2 млн. 172 мың теңгенің көлеміндегі  ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды.

Бір сөзбен айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі аудан тұрғындары үшін өте тиімді. Сондықтан біз дәл осындай жәрмеңкелерді ұйымдастыру ары қарай да жалғасын табады деген сенімдеміз.

(Өз тілшіміз).

Сурет П.Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75