Өріс төлге толды

_APR4180
10 мамыр 2018

Өріс төлге толды

 

Сәуір қой өсіруші шаруалар үшін қарбаласқа толы айлардың бірі. Қазір қой төлдету науқаны, яғни сақман аяқталып келеді. Мал басының өсуі дәл осы сақманның сәтті аяқталуына байланысты.

Біздің ауданымыздағы ең ірі қой өсіретін шаруашылықтың бірі – «Батай-Шу» шаруа қожалығы. Бүгінде бұл шаруашылықтың қора-жайында 7000 бас қой, оның 5500 басы аналық қойлар. Аталған шаруа қожалықты 1997 жылы  Айтбек Андасбаев 500 басы бар бір ғана отармен құрған болатын. Өз ісіне деген сүйіспеншілік пен ерен еңбектің арқасында бұл шаруашылықтың дәл осылай еңсе тіктеген жайы бар. Бір айта кетерлігі, шаруашылықтағы қойлардың көбісі асыл тұқымды оңтүстік қазақстандық ақ қойлар мен қазақтың етті қойы болып табылады.

Сүйікті ісі саналатын қой өсіруді өзінің кіші баласы Болатқа табыстаған Айтбек Андасбаев бүгінде еңбек демалысында. Болат әкесінің бастап берген шаруасын лайықты жалғастырып келеді. Өзі зейнетте болса да, Айтбек Андасбаев қашанда шаруашылықтың жай-күйіне алаңдап отырады. Ол сақман  кезінде шопандардың өмір тынысымен танысып отыруды әдетке айналдырған. Сол әдеті бойынша өткен аптада біз онымен бірге құмдағы Андасбаевтардың шаруашылығында болып қайттық.

-Қазіргі уақытта өз ісіне адал, жақсы шопандарды табу қиын болып тұр. Бұрыннан бері қой бағып келе жатқан ескі һәм тәжірибелі шопандардың орнын алмастырған жас шопандар «шопандыққа» мамандық деп қарамайды. Бұрын шопандар құрметті әрі елге сыйлы болған. Әрі шопандық атадан балаға мұра болып қалып отыратын. Жетістікке жетіп жатқан шопандар төсбелгілермен және медальдармен марапатталатын. Және газет беттерінен шопандардың портреті түспейтін. Қазіргі нарық экономикасы дамыған заманда қой өсіретін шаруашылықтың бәрі жекеменшіктің меншігінде. Сондықтан шопандармен кім, қалай келісемін десе өз еркінде. Мысалы, біз әр шопанға қазіргі заман талабын ескере отырып, 120 мың теңге айлық төлейміз. Сонымен қатар, сақман кезінде төлдеткен қой басының санына қарай сыйақы тағайындаймыз. Осы сыйақының арқасында әр шопанның 3-4 жылда өзінің жеке кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Ол үшін талмай еңбек етіп, қойылған талаптарды орындау керек,-дейді А.Андасбаев.

Жоспарды орындап шығу үшін шопандар қазір тырысып жүр екен. Сақман аяқталып, алдын ала жоспарлағандай нәтижеге қол жетіпті.

Талмай еңбектеніп, мал төлдетуде алда тұрған шопандардың қатарында Арман Иманбеков, Самат Егізбаев және оның ұлы Ербол бар.

Петр НОРКИН.

Суреттерде: «Батай-Шу» шаруа

қожалығының негізін салушы

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75