Шабындық қарқыны қыза түсуде

_IJL0896
26 шілде 2017

Шабындық қарқыны қыза түсуде

Шабындық қарқыны қыза түсуде

Мал азығының мол қорын жасақтауда мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалуға тырысқан шаруалар, күн-түн демей, бел жазбай жұмыс істеуде. Нәтижесінде мол жеміске кенелетінін ауыл еңбеккерлері жақсы түсінеді._IJL0905

Биыл жауын-шашынның мол түсуі шабындықтың шүйгін болуына  оң әсерін тигізді. Қазіргі уақытта шаруалар шөп ору науқанына белсене кіріскен. Ауылдық округ әкімшіліктерінің мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін 100 мың тоннаға жуық шөп жиналған. Негізі 133900 тонна мал азығын даярлау жоспарланған. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алда әлі бүтіндей жаз айы болғандықтан жұмыс та жетерлік.

Негізгі бағыты мал азығын даярлауға бағытталған «Нұр-2000» ЖШС-і жоспарланған 600 тонна азықтың 500 тоннаға жуығын әзірлеп қойды.

Петр НОРКИН.

Суретте: жаңадан шабылған мал азығының өніміне қуанған жасақ тобы; «Нұр-2000» ЖШС-нің механизаторы Тілеуберді Атаханов та өз жұмысына дән риза.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75