Әдеп нұсқаулығы түсіндірілді

21 ақпан 2018

Әдеп нұсқаулығы түсіндірілді

 

Шу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ағымдағы жылдың   13 ақпанында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің бөлімдері және ауылдық округ әкімі аппараттарының  мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Аталған жиында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару  бөлімшесінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Жазықбаева аталған нұсқаулықта  мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы қызметтік қарым-қатынастары, әлеуметтік желілерде өзін дұрыс ұстау, бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілік алдында сөз сөйлеу және түрлі мүдделер қақтығысы туындаған жағдайлар туралы мысалдар келтірілгендігін айтты. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметшінің аталған нұсқаулықпен танысып, оның талаптарын әрқашан жадыларында ұстау қажет екендіктерін ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75