Нан мен қант бағасы аспандап тұр

dav
22 сәуір 2019

Нан мен қант бағасы аспандап тұр

Сондықтан бағаның тұрақтылығын бақылап, оның орынсыз өсуіне жол бермеу мақсатында орталық базар мен аудандағы ірі сауда үйлеріне арнайы мамандардан құралған  топ мониторингтік бақылау жүргізіп отырады. Мұндай мониторинг үстіміздегі аптаның дүйсенбісінде ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі жанынан құрылған бақылау комиссиясы белгіленген сауда орындарын аралап, бағаның тұрақтылығын тексеріп шықты (суретте).

Жұмыс әдеттегідей, аудан орталығындағы «Диас» сауда үйінен бастау алып, әрі қарай Шу қаласындағы «Халық», «Қазына» сынды ірі сауда орталықтарында жалғасты. Комиссия құрамында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Б.Төлендиев және аудандық статистика және мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары болды. 33 әлеуметтік азық-түлік тауарының ішіне нан, қант, күріш, ұн, макарон, ет, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер және тағы басқалары кірді.

Сауда үйлерінде нанның және қанттың бағасы шарықтап тұр. Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі көрсеткен бағада қанттың бір келісі – 209 тг,  ал дәл осы тауар «Диаста»-280 тг, «Халықта»-270 тг, «Қазынада»-275 тг.  Нанның бағасы бір аптаның ішінде 10 теңгеге өскен. Бұл келеңсіздікті жою үшін комиссия мүшелері кәсіпкерлерге ескерту жасады. Өз себептерін түсіндірген  жеке кәсіп иелері қант бағасының қымбаттауы көтерме бағаға, яғни,  өндірістен келген бағаға байланысты десе, нан бағасының өсуі наубайханадағы бағаның қымбаттауынан дегенді айтып ақталды.

 Б.ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75