Көшеттер көптеп отырғызылды

_APR4399
13 сәуір 2017

Көшеттер көптеп отырғызылды

Көшеттер көптеп отырғызылды

Ағымдағы жылдың наурыз айында жарияланған елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау айлығы аясында өңірімізде бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асрылуда. Бірлескен жұмыстың нәтижесі де анық байқалуда. Барлық жерде тал әктеу, ағаштарды бұтау, қыс бойы жиналған қоқыс қалдықтарын шығару, апатты тұрмыстық қалдықтар алаңын жою жұмыстары  жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі Қайрат Досаевтың тапсырмасы бойынша кең көлемді көгалдандыру ісі қолға алынуда. Егер алдыңғы сенбіде Төле ауылындағы Жастар аллеясына тал отырғызылса, өткен сенбіде мұндай жұмыстар алтыншы квартал мөлтек ауданындағы республикалық көлік жолының бойында өтті (суретте). Игі істен аудан әкімдігінің жауапты тұлғалары мен бөлім басшылары, аудандық мәслихат хатшысымен бірге жергілікті депутаттар да тыс қалмай, қадірлі қариялар және әрқашан зор көмек көрсетіп  жүретін, Айнұр Рахымбаева жетекшілік ететін аудандық Жастар орталығының белсенді жастары, «Шу-Сервис» ЖШС жұмысшылары да атсалысты.

Барлық  маңызды бастамалардың басында көпшілікке ізгі қадамдар жасаудың үлгісін көрсеткен аудан басшысы Қайрат Әскербекұлының тұрғанын айта кету қажет.

-Бұл бізге, жастарға зор серпін береді. Өйткені, аудан жетекшісімен, депутаттармен, аға буын өкілдерімен бірге жұмыс жасау бізді жігерлендіре түсіп, жағымды әсерге бөлейді. Олар біз үшін үлгі жандар. Бірлескен жұмыс ауданнның барлық тұрғындары үшін ерекше үлгі болады деп ойлаймын,-деп өз ойымен бөлісті Жастар орталығының қызметкері Ғани Қойбағаров.

(Өз тілшіміз).

Сурет П.Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75