Қуаныш пен бақыт арта берсін

5 наурыз 2018

Қуаныш пен бақыт арта берсін

 

Өткен жылы Төле би ауылының тұрғындары Нұрахановтар отбасы үшін жағымды жаңалық – үшемнің дүниеге келгендігі жөнінде газетімізге мақала жариялаған болатынбыз. Батырбек және Шынар есімді бақытты жандар перзенттеріне Айсұлтан, Алима және Амина деп ат қойды. Бұл жұптың бұған дейінгі бір ұл, екі қызы барын да атап өткізім келеді.

Сол кезде жас ата-аналардың қуанышын аудан басшылығы да бірге бөлісіп, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қайрат Досаев отбасы иелерін отбасы мүшелерінің толығуымен құттықтап, сәбилердің аман-есен өсуін тілеп, сый-сияпатын жасаған болатын.

Апта ортасында Алғыс айту күні мерекесіне орай, Қайрат Әскербекұлы көпбалалы отбасына тағы да атбасын бұрып,  балалардың денсаулығы мен жағдайын сұрап, осы шаңырақтың барша мүшелерін мерекемен құттықтап, дәстүр бойынша сыйлықтарын ұсынды (суретте).

-Балаларыңыз бақыт пен шаттықтың құшағында өсе берсін. Сіздер мейірбан ата-анасыздар, сіздерге әрқашан сәттілік серік болсын,-деді аудан басшысы.

Өз кезегінде алты баланың анасы Шынар аудан басшысына ыстық ықыласы үшін алғысын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.

(Өз тілшіміз).

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75