Еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

12 ақпан 2018

Еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

 

Өткен аптада Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының өткен жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, есепті жиынға аймақ басшысының орынбасары Ерқанат Манжуов қатысты.

 

Шарада негізгі хабарламаны жасаған еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов 2017 жылы атқарған жұмыстар туралы кеңінен баяндап, биылғы жылға қойылған міндеттерді мәлім етті. Жалпы, мемлекет өз тарапынан қызметкерлерге  базалық кепілдіктер мен өтемақыларды, төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілеп, олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізе отырып, әрбір азаматтың еңбекке қатысты конституциялық құқықтарын қорғауға  кепілдік береді. Сондай-ақ, жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдері жеңілдетілсе, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды еңбек, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылып, еңбек ұжымдарында еңбек қатынастары саласын,  өзін-өзі басқару жүйесін енгізуге толық мүмкіндік жасалынып отыр. Ал мұндай жұмыстардың іске асуын аталған басқарма басшылыққа алған.

Кешенді жұмыстардың нәтижесінде жұмыскерлермен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік әріптестіктің тетіктері арқылы облыстың жұмыс жасап тұрған 5590  кәсіпорнында  іске асырылып жатыр екен. Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторларымен 312 кәсіпорын мен мекемелер тексеріліп, бақылау шараларын жүргізу нәтижесінде ҚР Еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жұмыс берушілерге оларды жою туралы 153 нұсқама беріліп, 84 әкімшілік шаралар қолданылыпты.

Соңында басқарма мен аудандық, қалалық және облыстық басылым арасында ҚР Еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

Жиын барысында мекеме басшылары жарыссөзге шығып, өздері қызмет атқаратын мекемелерде еңбек құқықтарының сақталуы туралы баяндады.

Балнұр Жексенбекқызы.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75