Диқандардың қажырлы еңбегі

_IJL9247
16 шілде 2018

Диқандардың қажырлы еңбегі

Егін жинау жұмысы ауданның егіс алқаптарында қарқын алуда. Қазір егін еккен қожалықтардың басым көпшілігі өнген өнімдерін жинап алуда. Бүгінгі күнге дейін 31964 гектар жердегі егіннің 6467 гектары жиналды. Науқанды жұмысты 78 комбайн жүргізуде. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, 12481 тонна егін жиналған, оның әр гектарынан жиналған өнім 19,3 центнерді құрайды.

Мерзімді істі Көкқайнар ауылдық округінің «Нариман» ШҚ да білек сыбана әрі көңілді күймен жүргізуде. Шаруа қожалық басшысы Шынар Өскенбаева жұмыс барысына, оның нәтижесіне дән риза.

Қазір мұнда әр гектардан 15-16 центнер жаздық арпа жиналуда. Ш.Өскенбаева комбайншылар Александр Корсунов, Нұрғазы Сиыршиев, Болат Жұмаділов, Арман Нілдебаевтың және «МАЗ» жүк көлігін жүргізуші Тұрсын Күлжановтың есімін  шынайы ризашылығымен атап көрсетті. Расымен де аптап ыстыққа қарамастан жұмысты жоспарлы атқарып жатқан жұмысшылардың еңбектері оңай емес.

П.НОРКИН.

Суретте: «Нариман» ШҚ ұжымының ауыр жұмыстан кейінгі қуанышты көңіл күйлері; күнделікті атқарылатын жұмыстан көрініс.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75