Мерекелік салтанатты жиын

pochjotnye-2017
20 желтоқсан 2017

Мерекелік салтанатты жиын

Кеше аудандық мәдениет үйінде қр тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. шараға аудан әкімі, «нұр отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы қайрат досаев, аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, жастар, қоғамдық ұйымдар және білім, денсаулық, әлеуметтік сала сынды бірқатар салалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалғаннан кейін сахна төріне Қ.Досаев көтеріліп, барша шулықтарды ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

-Осыдан 26 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.

Осы уақыт аралығында Тәуелсіз Отанымыздың айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы бір мәрте халықаралық үлкен бәсекеде өзінің беделін айшықтады. Бұл –  талайдан топ жарған «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі.  Шын мәнінде, бұл – бірлігі бекем халқымыздың ерен еңбегінің, Елбасымыздың әлем алдындағы саяси беделінің көрінісі.

Баршаңызға белгілі 10 желтоқсанда  Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілгеніне 20 жыл толды. Бүгінде келбеті  мен сәулеті жарасқан әсем қала – ару Астанамыз Еуропа мен Азияның алтын көпірі болып, еліміздің мақтанышына айналды,- деп атап өтті Қайрат Әскербекұлы.

Осыдан кейін аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарының Құрмет грамоталарын, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатын, ҚР Денсаулық сақтау, Білім беру министрліктерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев те бір топ жерлесімізді Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады. Аудандық мәслихаттың шешімімен ауданға сіңірген еңбегі үшін «Шу ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген бірнеше азаматтарға марапаттар табысталды (суретте).

Салтанатты жиынның соңында қатысушылар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудандық этномәдени бірлестік өкілдерінің өнерлерін тамашалап, қазақстандық авторлардың әндері мен түрлі ұлт өкілдерінің билеріне зор қошемет білдірді.

(Өз тілшіміз).

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75