Алдағы күндерден де жақсылықтар күтеміз

12 ақпан 2018

Алдағы күндерден де жақсылықтар күтеміз

 

Ауданымыз ажарланып келеді. Барлығы жергілікті билік өкілдерінің арқасында. Жұмыссыздық мәселесі де шешімін тапқалы тұр. Оған аудан басшысының есептік баяндамасы барысында көз жеткіздім. Ірі зауыттар іске қосылып, өндіріс көлемі ұлғайтылмақшы. Жалпы, барлық салаға айтарлықтай мән беріліп жатыр. Өзіміздің ауылға келер болсам, шешімін таппай тұрған проблемалар көп. Оның бірқатары есептік кездесу кезінде айтылды және мардымды жауаптар да берілді. Бізді қуантқаны, мектебімізге күрделі жөндеу жұмыстарының жасалатындығы болды. Аудан әкімі Қайрат Әскербекұлының жүйелі жобалары, ұтымды ұсыныстары, жалпы тындырымды тірліктері жарқын болашақтан үміт күттіреді. Сол себепті жыл бойы атқарған жұмысына қанағаттанарлық бағамды беремін.

Есен Жүнісов,

Тасөткел ауылдық округінің тұрғыны.

***

Өңір басшысының ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған байыпты бастамалары мен атқарған жұмыстары көңілге қонымды. Ауданымыз аграрлық салаға жақын болғандықтан бұл бағытқа баса мән беріліп жатқандығы орынды. Үй мен жер кезегінде тұрғандардың саны жылдан-жылға артып келе жатқандығы бізге де белгілі. Аудан әкімі бұл жайды да ескеріп, тұрғындардың пәтерге қол жеткізуіне жағдай жасамақшы. Алға ауылдық округіндегі қос мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген жағымды жаңалықпен қуантты. Қайрат Әскербекұлына ризашылығымды білдіре отырып, еткен еңбегіне қанағаттанарлық бағамды беремін.

Аманхан Оңғарбаев,

Алға ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы.

***

Қайрат Әскербекұлы өзінің есепті баяндамасы барысында келешекте жүзеге асырылатын көптеген игілікті істердің барын баяндады. Атқарылған жұмыстар да нақты әрі тыңғылықты орындалғаны байқалады. Бұл азамат осы жерде туып-өскендіктен, оған ауданның тыныс-тіршілігі таныс деп білеміз. Ең бастысы, биік мақсат бар. Сондықтан, жыл бойы атқарған жұмысына қанағаттанарлық баға бере отырып, алдағы уақытта да келешектің еншісіндегі бізді таныстырып өткен жоспарларын лайықты жүзеге асырады деп сенеміз.

Бауыржан Жақсыбаев,

Шоқпар ауылдық округінің тұрғыны.

***

Соңғы жылдарда өңірімізде көптеген игілікті істердің жүзеге асырылғанын күнделікті байқап, бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып, біліп жүрміз. Көлік жолдарының жөнделуі, бірнеше елді мекендердегі ауыз су мәселесінің біртіндеп шешілуі, жаңа әлеуметтік нысандардың, жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы ең алдымен осы жұмыстарды үйлестіріп отыратын билік өкілдерінің ерен еңбегінің жемісі деп білемін. Бүгінгі есепті кездесу барысында аталған жаңашылдықтарды аудан әкімі жан-жақты түсіндіріп, халықты ерінбей еңбек етуге шақырды. Бұл азаматтың жеріне қамқор, халқына жанашыр жан екенін аңғардым. Алдағы уақытта да өзінің басшылығындағы жауапты тұлғалармен бірлесе отырып, ауданымызды өркендетуге еңбек ете береді деп сенемін.

Байжан Әшімбаев,

Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы. 

Далақайнар ауылы.

***

Шу қаласының әкімі мен аудан әкімінің жыл бойы атқарған жұмысы жайлы осыған дейін жергілікті басылым арқылы танысқан болатынмын. Бүгінгі есептік кездесуде өз ауыздарынан естідім. Қала бойынша өткен жылы жұмыстар қарқынды жүргізілді десе болады. Былтыр 18 көше жөнделсе, биыл тағы 7 көше ретке келтірілетінін айтты. Бізді қуантқан тағы бір жаңалық – бұрынғы «Қайрат» стадионын қайта қалыпқа келтіру ісінің қолға алынатындығы болды. Қалада спортпен айналысатын жастар көп, тіпті ересектер де баршылық. Сондықтан стадионды жаңарту мен аудан орталығынан заманауи үлгідегі спорт кешенін салу құптарлық іс. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында атқарған еселі еңбегіне қанағаттанарлық бағамды беремін.

Асхат Баялбеков,

Шу қаласының тұрғыны.

***

Қайрат Әскербекұлы әкім болып келгелі ауданға бірінші кезекте керекті істердің көпшілігі орындалды. Есептік баяндамасын тыңдай отырып, аудандағы маңызды салалар жұмысының орындалу пайызы жоғары көрсеткішке ие болғандығын байқадым. Баяндама барысында ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөлініп жатқандығын айтып, ендігі кезекте өндіріс саласына назарды бұру керектігін тілге тиек етті. Осы бағытта атқарылар ауқымды жұмыстардың жоспарымен таныстырып өтті. Мен аудан басшысының бұл бастамасын қолдаймын. Себебі, өндіріс бар жерден жұмыссыздарға жұмыс та табылар еді. Осылайша өнім өндіру көрсеткішіміз артып, жұмыссыздар санының да азаятын түрі бар. Жалпы, өңір басшысының әр бастамасы мен атқарған әрбір ісі көңілге қонымды. Сондықтан біржылдық жұмысына қанағаттанарлық бағамды бере отырып, еңбегінің елене беруін тілеймін.

Жексенбек Әбітбеков.

Төле би ауылының тұрғыны.

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75