Жаңа басшыны таныстырды

_APR4571
17 сәуір 2017

Жаңа басшыны таныстырды

Жаңа басшыны таныстырды

 Аудан әкімі Қ.Ә.Досаев өзінің функционалды міндеттеріне бірінші күннен-ақ қызу кірісіп кетті.

Өйткені, көктемнің алғашқы айлары елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық  тазалау айлығы, көктемгі  егіс жұмыстары, жолдарды жөндеу, әлеуметтік маңызды нысандарды ретке келтіру сынды көптеген кезек күттірмейтін істердің бастауы десек те болады. Алда келе жатқан мамыр айындағы мерекелерге де Қайрат Әскербекұлы ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар, аудан басшысы ауылдық округтерді аралап, халқының тұрмысымен танысып, өздерін толғандыратын жайлардың төңірегінде тұрғындармен  сұхбаттасуға да үлгеріп жатыр (суретте). Мәселен, өткен аптада Ақсу ауылдық округіне қарасты Оразалы батыр ауылының тұрғындарымен кездессе, жақында ғана Шоқпар ауылына барып қайтты.  Аудан әкімі шоқпарлықтарға жаңа тағайындалған әкімдерін Рашит Шоңбаевты таныстырып, ауданда атқарылып жатқан шоқпарлықтардың да өзіндік үлесі бар істерді баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Іссапар барысында Қайрат Әскербекұлы бірқатар нысандарда болып, олардың қызметімен де танысып қайтты.

 (Өз тілшіміз).

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75