Үшем дүниеге келді

Теперь у нас 7ро
23 мамыр 2019

Үшем дүниеге келді

 

Нақтырақ айтар болсақ, аудан орталығынан шалғай орналасқан Далақайнар ауылдық округінің тұрғыны Антонина Антипова шекесі торсықтай үш ұлды дүниеге әкелді (суретте). Ерлі-зайыптылар ұлдарына Андрей, Данил және Артем деп ат қойған. Олардың алғашқысы Андрей 2 келі 300 грамм болып туылса, Данил 1 келі 900 грамм, ал Артем 2 келі 300 грамм болып туылыпты.

Күні кеше ғана төрт бірдей қызды тәрбиелеп отырған Анастасия бір мезетте «Алтын алқа» иегері атанып шыға келді. Өзі орыс ұлты болғанымен, жолдасы Андрей Томпа венгр ұлтының өкілі екен. Анасы үшемдерді Тараз қаласындағы перинаталдық орталықта босаныпты. Алтын алқалы ана ауылына оралған соң, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Райхан Аманғазиева, аудан әкімі аппараты АХАТ бөлімінің басшысы Айнаш Ерғазы мен ауыл әкімі Жайсанбек Бекбосынов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы барып құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады. Айта кетуіміз керек, ауызбіршілігі мен ынтымағы қатар жүретін ауыл тұрғындары ауылдастарына қой, ешкі, сиыр сынды төрт түліктің түр-түрін шама-шарқына қарай жинаса, ауылдағы әкімшілік, мектеп, балабақша және дәрігерлік амбулатория ұжымы 200 мың теңге көлемінде қаржы жинап берген. Бұдан бөлек, жеке-жеке сыйлық жасап, көмек қолын созған тұрғындар да жетерлік. Өз кезегінде ерлі-зайыптылар аудан басшылары мен ауыл тұрғындарына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.

Ерғали АСХАТҰЛЫ.

Суретті түсірген П.Норкин.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75