Тарландықтар қолдау білдірді

IMG-20180226-WA0019
28 ақпан 2018

Тарландықтар қолдау білдірді

 

Өткен жұмада аудандық мәслихат хатшысы Е.К.Өмірәлиевтің жетекшілігімен жергілікті депутаттардан құралған топ «Тарлан» спорт кешенінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауы жайында әңгіме өрбітті. Ержан Көрікбайұлы Ұлт көшбасшысының қоғам алдына қойған, еліміздің одан әрі дамуына серпін беретін, он негізгі бағыттан тұратын тапсырмаларын жеке-жеке түсіндіріп өтті.

Маңызды құжат туралы Ә.Қасенов, С.Абдуманапов, А.Рахымбаева да өз ойларын ортаға салды.

-Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Жолдауындағы жетінші бағытында адами капитал тұрғысына мән бере отырып, оны жаңғырудың негізгі тетігі екендігін көрсете білген. Бұл бағытта саналы әрі дені сау ұрпақ мәселесі айтылған. Ал бұл дегеніміз, түптеп келгенде спорт саласына баса мән беріп, оны жандандыра беру қажеттігін білдіреді. Сондықтан жетінші бағытты жүзеге асыруға үлес қосу тікелей сіздерге байланысты,-деп атап өтті Е.Өмірәлиев.

Жалпы, кездесу келісті әрі мәнді өтті. Өз кезегінде спорт саласының өкілдері Елбасының Жолдауына қолдау білдіретіндіктерін және ондағы тапсырмалардың жүзеге асуына өзіндік үлестерін қосатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында аталмыш спорт кешенінің басшысы Талғат Аяпбергенов «Тарланның» жұмысы және осы күнге дейін жеткен жетістігі туралы айтты. Ал аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қасымхан Мәуленов  депутаттарға келелі кездесу үшін алғысын білдірді.

 

Нұржан ҚАДЫРБЕКОВ,

Суретте: жергілікті депутаттар кездесу барысында.

Сурет автордікі.    

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75