Төраға таныстырылды

_IJN9850
22 маусым 2017

Төраға таныстырылды

Төраға таныстырылды

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Қауасұлы Рүстембековтың қатысуымен аудандық соттың жаңа төрағасын сайлау мақсатында жиын өтті (суретте). Оған аудан әкімдігінің бірқатар бөлім, мекеме және кәсіпорын басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдында Жомарт Қауасұлы қызметіне жаңадан кіріскен аудандық соттың төрағасы Ернар Боранғазыұлы Жаманқұловты таныстырғаннан кейін, оның еңбек жолына қысқаша тоқталып өтіп, сот саласында бірнеше жыл қызмет атқарған тәжірибесі мол, білікті басшы екендігін атап өтті және осы жолғы төрағалық қызметін де абыройлы атқаратынына зор сенім білдірді.

Осыдан кейін сөз алған Қайрат Әскербекұлы жаңа төрағаны құттықтап, оның қызметіне толағай табыстар, отбасына амандық тілеп, аудан басшылығымен біріге отырып, заң шеңберінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

(Өз тілшіміз).

Сурет П.Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75