Сәттілік серік болсын!

IMG_4947
10 тамыз 2017

Сәттілік серік болсын!

Сәттілік серік болсын!

Өткен аптада ғана ауданымыздың «Шуская долина» газетінде «Мировой язык» тақырыбымен тілшіміз Іңкәр Төлбаеваның мақаласы жарыққа шыққан болатын. Онда жергілікті кәсіпкер Жанар Иманалинова халықаралық ағылшын тілі мектебінің директоры Паулина Гейбл-Кравцпен бірігіп балаларды ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастырғаны жөнінде айтылған. Жақында олар ауданымыздағы тағы бір жеке кәсіпкер, әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Әсия Әлемі» жекеменшік балабақшасының иесі Ләйлә Жүнісәлиевамен өзара ымыраға келіп, ағылшын тілін оқыту орталығын ашты. Айтпақшы, бұл орталықта «Айналайын» балалар білім орталығындағыдай ментальді арифметиканы үйрететін «Смартум» оқу курсы жүргізілетін болады. Дәл қазіргі уақытта аталған орталыққа балаларды қабылдау жүргізілуде, ал оқу 20 тамызда басталады. Жақында жоғарыда аталған әйелдер қауымы аудан әкімі Қайрат Досаевтың қабылдауында болып (суретте), игі бастамаға қолдау күтетінін жеткізді.

-Балалар үшін жасалып жатқан бастамалар қолдау табуы тиіс. Өскелең ұрпаққа  халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілін меңгертіп, ментальді арифметиканы оқытуда аянбай жұмыс істеудесіздер. Демек, болашақтың балалары жан-жақты дамыған және сауатты болатыны сөзсіз. Қоғам үшін жасалып жатқан пайдалы істеріңізге сәттілік тілеймін,-деді Қайрат Әскербекұлы.

«Бітер істің басына, жақсы келер жанына» демекші, бірлесіп, бел шешіп кіріскен бастамалары болаттай берік болып, кәсіпкерліктен нәсібін тауып жүрген әйелдер қауымына сәттілік серік болсын!

Н. АМАНГЕЛДІҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75