Су тасқынынан қауіп жоқ

_APR4365
10 сәуір 2017

Су тасқынынан қауіп жоқ

Су тасқынынан қауіп жоқ

Кеше ауданымызға жұмыс сапарымен облыс әкімі К.Н.Көкірекбаев келді. Өңір басшысын аудан әкімі Қайрат Досаев күтіп алып, онымен бірге болды.

Әуелі Кәрім Насбекұлы Ақсу ауылдық округіндегі жыл сайын су көлемі бақыланып отыратын Шу өзені көпіріне тоқтады (суретте). Аудан басшысы Қайрат Әскербекұлы мәлімдегендей, су тасқыны қаупі басты бақылауда, мұнымен арнайы қызметкерлер айналысуда, сондықтан ешқандай су тасу қаупі жоқ.

Сондай-ақ, облыс әкімі барлығы қалыпты жағдайдағы Ақсу су қоймасында да болды.

-Соңғы аптада жаңбыр көптеп жауды. Сондықтан, төтенше жағдайлар орын алмас үшін ерекше бақылау жүзеге асырылуда. Жамбыл облысында 117 су айдыны бар. Олардың 5-і республика меншігінде болса, 7-і жеке, 105-і коммуналды меншікте. Біз ірі өзендер мен су қоймалары орналасқан бірнеше аудандарда болдық, барлығында жағдай тұрақты. Мысалы, Ақсу су қоймасының сыйымдылығы 5 миллион текше метр болса, қазіргі уақытта мұнда 25 млн. текше метр су бар, оған секунд сайын  8 текше метр су түседі, осыншама су ағып кетеді,-деген Кәрім Көкірекбаев.  -Алайда, босаңсуға негіз жоқ, яғни,  келеңсіз жағдайға кезікпес үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстау  керек,-деп сөзін жалғады.

(Өз тілшіміз).

Сурет Петр Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75