Жаңа форматта

_IJN9881
22 маусым 2017

Жаңа форматта

Жаңа форматта

20-маусымнан елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бұл жылы емтихан жаңа форматта өтіп, ол 1-шілдеге дейін жалғасады. Ауданымызда 545 талапкер ҰБТ тапсыру жөнінде шешім қабылдаған.

ҰБТ биылғы жылы мүлдем жаңа форматта өтуде. Оған қазақстандық жоғары оқу орындарына (ЖОО) оқуға тапсыруға ниеттенген түлектер қатысады. Ал, басқаларына мектепте қорытынды аттестациялаудан өтсе жеткілікті. Ауданымызда ҰБТ тапсыру Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектепте орналасқан арнайы пунктте өтеді.  Сейсенбі күні алғашқы лекте ауданымыздың 10 мектебінен 300 қатысушы емтиханнан өтті (суретте). Олардың арасында 15 «Алтын белгі», үш үздік аттестат иегері бар. Оларға ЖОО-дарына ақысыз негізде оқуға түсу үшін өз білімдерін дәлелдеу міндеті тұр.

Барлық талапкерлер 10 аудиторияға бөлініп, оларға еліміздің әр аймағынан келген мамандардан құралған арнайы комиссия мүшелері бақылау жасады. Сонымен қатар, аудитория тестілеу барысын бақылау үшін бейнебақылау, металл іздегіш және дыбыс тыңдайтын құрылғылармен жабдықталған.

Талапкерлер бес пән бойынша тестілеуден өтеді, оның үшеуі міндетті, екеуі таңдау пәні. Емтиханға 3,5 сағат уақыт беріледі. Алғашқы сынақтан өтпей қалғандарға екінші мүмкіндік беріледі. Яғни, ағымдағы жылдың тамыз айында  немесе келесі жылдың қаңтар айында қайта тапсыра алады. Ол ақылы түрде өтеді.

Алғашқы күннің қорытындысы туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінде жариялайтын боламыз.

(Өз тілшіміз).

Сурет Петр Норкиндікі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75